30 қаңтар. Туған күн иелері

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 30 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
None
None

nullЕСІМДЕР

55 жыл бұрын (1964) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жоғарғы қолбасшылығының өкілі, генерал-майор Әмір Қасымбекұлы ХАЛЫҚОВ дүниеге келген.

Ол Қостанай облысында туған. Челябинск жоғары танк училищесін (1985); Бронды танкі әскерлері әскери академиясын (1996); РФ ҚК Бас штабының Әскери академиясын (2009) бітірген.

ГДР-дағы (Шығыс Германия) әскери бөлімде взвод, рота командирі (1985-1989); ҚР ҚМ Сарыөзек танк батольоны командирінін орынбасары (1991-1992); Алматы танк батальоны командирі (1992-1996); Үшарал мотоатқыштар бригадасының командирі (1996-1999); ҚР ҚМ Сарыөзек дивизия штабының бастығы (1999-2000); Аягөздегі механикаландырылған дивизияның командирі, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысының бірінші орынбасары (2000-2007); «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы (2009-2010); ҚР Қарулы Күштері Құрлықтағы әскерлер Бас қолбасшысының әскери дайындық жөніндегі орынбасары - әскери дайындық бас басқармасының бастығы (2010 жылдан).

ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен; көптеген медальдармен наградталған.

40 жыл бұрын (1979) Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Ләззат Серікқызы КУДЕКОВА дүниеге келді.

Алматы облысының Қаскелең қаласында туған. 1999 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетінің заң факультетін бітірді.

1999 жылғы қазан - 2007 жылғы казан - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот аппаратында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды: референт, консультант-хатшы, консультант, Жоғарғы Соттың қадағалау алқасының бас консультанты.

2007 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін - Астана қаласы Алматы аудандық сотының судьясы.

Қазіргі қызметінде 2016 жылдың ақпанынан бері.

Соңғы жаңалықтар