30 мың теңге пара алғаны үшін өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Семей қаласының №2 соты мемлекеттік сот орындаушысы Е. Саятовты айыптауға қатысты қылмыстық істі қарады.
None
None

Ол лауазымды тұлға бола тұра, ағымдағы жылдың 22 шілдесінде азамат М. Мұстафағалиевтан қарызды өндіріп алу мерзімін ұзарту үшін 30 мың теңге көлемінде пара алған.

Сот үкімімен Е. Саятов ҚР ҚК-нің 366-бабы 2-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылды. Оған 1800000 теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды. Сонымен қатар, оның жеке мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айрылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар