30 мыңға жуық үлескерлердің істеріне қатысты 12 миллиард теңгенің арыз-талабы қанағаттандырылды ? алқа мәжілісі

АСТАНА. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Өткен жылы прокуратура қызметкерлері үлескерлерді әуре-сарсаңға салған ең ірі деген құрылыс компанияларының лауазым иелеріне қатысты 10 қылмыстық іс қозғады.
None
None
Бұл мәліметтермен бүгін Бас прокуратурада облыс прокурорларының қатысуымен өткен алқа мәжілісінде көтерілген мәселелер жөнінде баяндаған Бас прокурордың орынбасары Рақымбек Мамырбаев таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, 30 мыңға жуық үлескерлердің істеріне қатысты астаналық құрылыс компанияларына 12 миллиард теңгенің 19 арыз-талабы қойылды. «Бұл талаптардың барлығы да қанағаттандырылып, аталған соманы иелеріне қайтару жөнінде тиісті шешім қабылданды. Дегенмен, қазір осы компаниялар өздерінің берешектерін қайтара алады ма деген сауал туындап отыр. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды әрі қарай да бақылауда ұстап отырамыз және оған қатысты барлық шараларды қолданымыз», деді Бас прокурордың орынбасары. Оның мәліметтеріне қарағанда, прокурорлар жалған кәсіпорындар арқылы қаржы жымқыру фактілерін де тіркеген. Бұл мәселе бойынша 123 жылжымайтын мүлік пен 160 автомобильге қатысты іс қозғалған. «Көпшілікке мәлім: қазір еліміздің азаматтарына пәтер алып береміз деген желеумен құрылыс жұмыстарын бастап, алайда оны бітіре алмай жүргендерді көптеп кездестіреміз. Біз бұл мәселеге байланысты өткен жылы 35 лауазым иесі мен заңды тұлғаны әкімшілік жауапқа тарттық», деді Р.Мамырбаев.
Соңғы жаңалықтар