30 наурыз күні республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты оңтүстік-шығыс, шығыс және орталық жерлерінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын күтіліп, кей жерлерде қатты жауын-шашын жауады. Кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ, тұман, желдің күшейуі күтіледі. Бұл туралы Қазгидометке сілтеме жасап, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті хабарлады.

30 наурыз күні республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады - Қазгидромет

Алматы облысында кей жерлерінде қатты жауын-шашын, көктайғақ, жел 17-22, екпіні 25 м/с күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 18-23, екпіні 30 м/с жоғары болады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел шаңды дауылмен 17-22, кей жерлерінде екпіні 28 м/с күтіледі. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман , күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с соғады. Павлодар облысының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасынмен жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с соғып, жолдарда көктайғақ болады.