300 миллион еуроның дауы: Ален Делонның ұлы әпкесін өсиеттен шығаруды талап етті
АСТАНА. KAZINFORM — Ален Делонның кенже ұлы Ален-Фабьен Швейцария сотына өзінің әпкесі Анушканы мұрагерлік құқығынан айыруды талап етті, деп хабарлайды RTL.
Сот отырысы 2026 жылдың наурыз айына жоспарланған.
Ален-Фабьеннің айтуынша, оның әкесі инсульттан кейін 2019 жылдан бері когнитивті құлдырауды бастан өткерген, оның сырқатын бірнеше дәрігер растаған.
Актер 2022 жылы Анушканың пайдасына жаңа өсиетке қол қойып, оған бақылау пакетін — Alain Delon брендін басқаратын компанияның 51% үлесін берген кезде әрекетке қабілетсіз болған.
Ол сотқа талап арызын Ален Делон қайтыс болғаннан кейін бір жыл өткен соң берген. Кешіктіру себебі — медициналық құжаттарға уақытында қол жеткізе алмаған. Актердің ұлы қыркүйек айында Анушка мен оның туған ағасы Энтониге сот орындаушысы арқылы 2022 жылғы өсиеттің күшін жоюды талап ету ниеті туралы ресми түрде хабарлаған.
Мұрагерлер арасындағы дау 300 миллион еуроға жуық. Актердің соңғы өсиетіне сәйкес, оның авторлық құқығынан түскен табыс Анушкаға түседі.
Айта кетейік, Француз актері Ален Делон былтыр тамыз айында өмірден озды.