300 мыңнан астам павлодарлық ҚР Президентінің өкілеттілігі мерзімін ұзарту жөніндегі референдумға қолдау білдіріп, өз қолдарын қойды
ПАВЛОДАР. 12 қаңтар. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының 300 мыңнан астап халқы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттілігі мерзімін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі референдумды қолдап, өз қолдарын қойған.
Бұл туралы БАҚ өкілдеріне аймақтағы бастамашыл топтың мүшесі, Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Ерлан Арын мәлім етті. Ол қол жинау науқаны кәсіпорындар мен аудан ауылдарында белсенді түрде жүргізілгенін атап өтті.
«Полония» поляк этномәдени бірлестігінің төрағасы Виталий Свинцицкий бұл ҚР Президенті Н.Назарбаевқа бүкіл халық болып қолдау білдірудің көрінісі екенін айта келіп, қол жинау науқанының ауқымды болғанын жеткізді.