31 қаңтар. Туған күн иелері

ЕСІМДЕР
58 жыл бұрын (1961) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Асқар Асанұлы БЕЙСЕНБАЕВ дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында туған. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын (М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті Технологиялар және ақпараттық жүйелер институты), Ресей-Қазақстан Қазіргі заманғы Гуманитарлық университетін бітірген. 1983-1988 жылдары - Түлкібас консерві зауытының ауысым инженер-технологы, «Ленин жолы» кеңшарының консерві цехының бас технологы, бастығы, ЛКЖО Сайрам аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы. 1988-1994 жылдары - Түлкібас консерві зауытының бас инженері, директоры, Түлкібас нантағамдары комбинатының директоры. 1994-1998 жылдары - президент АО «Көктерек» акционерлік қоғамының президенті. 1998-2001 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының әкімі қызметтерін атқарған. 2001-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің екінші шақырылымының депутаты. 2004-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің үшінші шақырылымының депутаты - Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті жанындағы «Отбасы» депутаттық тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті жанындағы «Ауыл» депутаттық тобының мүшесі. 2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төртінші шақырылымының депутаты - Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі болған. 2013 жылдан сенатор. 2013-2016 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары болды.
«Құрмет» орденімен және медальдармен марапатталған.
54 жыл бұрын (1965) Венгриядағы Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі, ҚР-ның Сербия Республикасындағы, Македония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы Нұрбах Тұрарұлы РҮСТЕМОВ дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында туған.
Алматы шетел тілдері институтын, БЛКЖО ОК жанындағы Жоғары комсомол мектебін, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Дипломатиялық академиясын, Қазақстан-Ресей университетін бітірген.
Еңбек жолы: 1986-1987 жылдары Түркістан қаласы №1 мектебінде ағылшын тілінің мұғалімі. 1987-1990 жылдары - Түркістан қалалық комитетінің хатшысы, Қазақстан ЛКЖО ОК бөлім меңгерушісінің орынбасары. 1990-1991 жылдары - «Қазақинторг» АҚ сарапшысы. 1991-1992 жылдары - Қазақстан ЛКЖО ОК Шымкент облыстық комитетінің бөлім меңгерушісі. 1992-1997 жылдары - ҚР Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол басқарма бастығының орынбасары, бастығы, бөлім бастығы, хатшысы. 1997-1999 жылдары - ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің протокол-ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі. 1999-2009 жылдары Мәжіліс депутаты болды. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің IV шақырылым депутаты. Қазақстан Парламенті Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды. 2009-2010 жылдары Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі. 2010-2013 жылдары - ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.
Қазіргі қызметінде 2013 жылдан бері.
«Құрмет», «Достастық» (ТМД ПАА) ордендерімен, мерекелік медальдармен марапатталған.
51 жыл бұрын (1968) Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулы Болат Бариұлы ИМАНБАЕВ дүниеге келді.
Ақмола облысында туған. 1990 жылы М.В.Ломоносов атындағы ММУ-ді бітірген.1992 жылдан - Қазақстан СІМ жүйесінде еңбек етеді.
ҚР СІМ Астана қаласындағы Консулдық пунктінің басшысы, Ақмола облысы бойынша Сыртқы экономикалық байланыстар комитетінің төрағасы болды. ҚР-дың Литвадағы, Германиядағы елшіліктерінде еңбек етті, ҚР СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары, ҚР СІМ Халықаралық экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық департаментінің директоры, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры болып істеді.
Қазіргі қызметінде - 2017 жылдың желтоқсан айынан бері.