31 желтоқсан. Тұлғалар туған күн

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 31 желтоқсан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

31 желтоқсан. Тұлғалар туған күн

109 жыл бұрын (1913-1975) әдебиетші-ғалым Әбусағит (Әбіш) Мұсылманқұлұлы ЖИРЕНШИН дүниеге келген.

Семей облысында (қазіргі Абай облысы Абай ауданында) туған. Ташкенттегі Орталық Азия институтын, Мәскеудегі Горький атындағы Әдебиет институтын бітірген.

Аталары қолына билік ұстаған, мықты әулеттен болды. Атасы Абайдың көмекшісі, ниеттесі еді. Өзі бала күнінде молдадан сауат ашып, 11 жасында орыс мектебінен білім алған. 1928 жылы Семейдегі ауыл шаруашылығы техникумында оқыды.

Қазақ халқының басына түскен зобалаң жылдары, ашаршылық пен қуғын-сүргіннің салдарынан Жиреншиндер отбасы 1930-жылдары Термезге кетіп, 1933 жылы Ташкентке барған. Ол жақтан Қазақстанға 1930 жылдардың аяғында оралған.

Ол Қазақстан ғылыми-зерттеу қоғамының төрағасы, Қазақ КСР Орталық мұражайының директоры, Қазақстан Мемлекеттік кітапханасының директоры болып, республикалық кітап сауда бірлестігін басқарған. Абай мұрасын алғаш зерттеушілердің бірі. «Абай – қазақ халқының ойшылы», «Абай және орыстың ұлы демократтары», «Қазақ кітаптарының тарихынан» атты монографиялық еңбектері жарық көрген.

10 8 жыл бұрын (1914-1974) жазушы, аудармашы, ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Әбен САТЫБАЛДИЕВ дүниеге келді.

Тараз қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.

1939-1962 жылдары – «Оңтүстік Қазақстан» облыстық газетінің әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі, «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан») газетінің меншікті тілшісі, бөлім меңгерушісі, «Ара» - «Шмель» журналының жауапты хатшысы, «Жұлдыз» журналы бас редакторының орынбасары, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы.

1968-1974 жылдары – Қазақ КСР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкері, Қазақ Кеңес энциклопедиясы бас редакторының бірінші орынбасары.

«Рухани қазына» ғылыми еңбектер жинағының, «Ақмарал» әңгіме, очерктер жинағының авторы. И. Гончаровтың «Жар» романын, Б. Полевойдың «Нағыз адам туралы аңыз», Ф. Гладковтың «Балалық шақ» повестерін, А. Қаһардың «Қыштақ», Ш. Рашидовтың «Дауылдан да күшті» романдарын қазақ тіліне аударған.

72 жыл бұрын (1950) ғалым-фольклоршы, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі Шәкір Ыбырайұлы ЫБЫРАЕВ дүниеге келді.

Қызылорда облысында туған. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.

Еңбек жолы: 1974-1976 жылдары – КСРО ҒА А. Горький атындағы әлем әдебиеті институтының (Мәскеу қ.) стажер-зерттеушісі. 1976-1979 жылдары – КСРО ҒА Шығыстану институтының түркология мамандығы бойынша аспиранты. 1979-1982 жылдары – М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының кіші ғылыми қызметкері. 1982-1989 жылдары – Қазақ мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, доцент. 1989-1995 жылдары – Әдебиет және өнер институты жанындағы Қолжазбалар ғылыми орталығының басшысы. 1995-2001 жылдары – ҚР ҒА жанындағы М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры. 2000-2001 жылдары – Эгей университетінің (Түркия) профессоры. 2001-2004 жылдары – Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің вице-президенті (проректор). 2004-2007 жылдары – Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы ғылыми орталық директоры. 2007-2010 жылдары – Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің (КМУ) ректоры. 2010-2014 жылдары – Халықаралық Түркі академиясының президенті.

41 жыл бұрын (1981) БҚО прокурорының орынбасары Нұрлан Ермекбайұлы ЕРМАНОВ дүниеге келді.

Шымкент қаласында туған. 1999-2001 жылдары Шымкент қаласындағы Ішкі істер департаментінің заң колледжінде «құқық қорғау» мамандығын алған. 2001-2004 жылдары Қазақ гуманитарлық Заң университетінде «құқықтану» мамандығы бойынша оқыды. 2016-2018 жылдары аудандық әкімшілік-инновациялық университетінде заң ғылымдарының магистрі дәрежесін иемденген.

2006 жылдан бастап Қызылорда облыстық прокуратура органдарында қызметін бастаған. 2008-2012 жылдары Қызылорда көлік прокурорының орынбасары қызметін атқарған. 2018-2019 жылдары – Ақмола облысы Атбасар ауданының прокуроры, 2019-2022 жылдары – Қызылорда облысы прокурорының орынбасары.

Қазіргі қызметінде 2022 жылдың тамыз айынан бастап.


Литвада екі теміржол апаты болды
Ұқсас жаңалықтар

Литвада екі теміржол апаты болды