3200-ден астам жолаушы діттеген жеріне қосымша вагондармен жеткізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде ауа райының қолайсыздығына және бірқатар автомобиль жолдарының жабылуына орай жолаушыларды діттеген жеріне жеткізу үшін қосымша вагондар бөлінді. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» компаниясынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

3200-ден астам жолаушы діттеген жеріне қосымша вагондармен жеткізілді

Мәселен, өткен демалыс күндері ұлттық тасымалдаушы темір жолдың барлық учаскелері арқылы жүретін пойыздарға қосымша 60-тан астам вагон тіркеді. Бұл 3200-ден астам жолаушыны діттеген жеріне дер уақытында жеткізуге мүмкіндік берді.

Айта кетерлігі, ауа райының қолайсыздығына байланысты «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның құрылымдық бөлімшелері мен еншілес кәсіпорындары күшейтілген режімде жұмыс істеуде.