33 жастағы ақтөбелік әйел кәмелекттік жасқа толмаған қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

АҚТӨБЕ. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері кәмелеттік жасқа толмаған жас қыздарды жезөкшелікке тартып, жеңгетайлықпен айналысқан 33 жастағы ақтөбелік әйелді ұстады.

33 жастағы ақтөбелік әйел кәмелекттік жасқа толмаған қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

Күдікті 17 мамырда жедел іс-шара өткізу барысында Ақтөбедегі пәтерлердің бірінде қылмыс үстінде ұсталды. Оны тінту кезінде 30 000 теңге көлемінде ақша алынды. Ол 19 жасар қыздың қызметін ұсынған.

Өткізілген жедел-тексеру шараларын әрі қарай жалғастыру барысында анықталғандай, күдікті әйел соңғы 3 ай бойы 16-20 жастағы жас қыздарды жезөкшелікпен айналысуға итермелеген.

Бүгінгі күні полицияға 14 арыз келіп түсті, барлық фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 132 бабының 1 бөлімімен (Кәмелеттік жасқа толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға итермелеу және жеңгетайлық) қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде ешқайда кетпеу жайлы қолхат берілді.

Сонымен қатар оның 3 сыбайласы - 2 әйел, бір ер адам анықталды, олар бұған дейін полицияның есебінде тұрмаған.