333 мың адам еңбек биржасының арқасында жұмысқа орналасты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 333 мың адам Электронды еңбек биржасының арқасында жұмысқа орналасты. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Шапкенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Электронды еңбек биржасы өте жақсы құралға айналды. Қазірдің өзінде 54 жұмыспен қамту орталығы, 203 жұмыспен қамту мемлекеттік орталығы және 7 онлайн жұмыспен қамту алаңы, 234 мыңнан астам жұмыс беруші еңбек биржасына тіркелген. 1 млн 100 мың адам түйіндемесін қалдырған. 1 ақпан мен 1 тамыз аралығында Электронды еңбек биржасына түйіндемесін қалдырған азаматтардың саны 7,9 есе өсіп отыр. Ал бос жұмыс орындарын тіркеу 8 есе артты. Бұл Электронды еңбек биржасының халық қолданатын құралға айналғанын көрсетеді», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің дерегінше, 333 мың адам осы еңбек биржасының арқасында жұмысқа орналасқан. Оның 190 мыңы тұрақты жұмыс орнында еңбек етуде.

«Қазірдің өзінде еліміздің еңбек нарығында 47 мың бос жұмыс орны тіркелген. Осы бос орындарға азаматтардың жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар», - деді Серік Шапкенов.


Соңғы жаңалықтар