35 млн теңге қайтарылды: Қостанай облысында жол жөндеу саласындағы заңбұзушылықтар жойылды
ҚОСТАНАЙ. АСТАНА — Бейімбет Майлин ауданының прокуратурасы жүргізген талдау аясында аудандық автомобиль жолдарын жөндеу кезінде заңбұзушылықтар анықталды. 1,9 млрд теңге сомасына бағаланған 8 жол учаскесі бойынша жасалған шарттарда кепілдік мерзімдерінің болмағаны белгілі болды. Бұл туралы Қостанай облысының прокуратурасы мәлім етті.
Бұл мердігерлердің орындалған жұмыстардың сапасына жауапкершіліктің алмау қаупін туындатқан. Сонымен қатар, құны 720 млн теңге болатын жол учаскесін жөндеу мерзімдерін бұзған мердігерге қатысты шаралар уақытылы қабылданбағаны анықталды.
— Прокурорлық қадағалау актісі бойынша анықталған заңбұзушылықтар жойылды: мемлекеттік сатып алу шарттарына қосымша келісімдер жасалып, үш жыл мерзімге кепілдік міндеттемелер енгізілді, сондай-ақ бюджетке 35,6 млн теңге көлемінде айыппұл (тұрақсыздық айыбы) қайтарылды, — делінген хабарламада.
Мемлекеттік сатып алулар мен жол жөндеу саласына қадағалау жалғасады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Бас көлік прокуратурасы Air Astana мен Fly Arystan қызметін тексеруді талап еткен еді.