14:24, 18 Қаңтар 2015 | GMT +5
35 жылдың ішінде алғаш рет армия Еурокомиссияның ғимаратын күзетке алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бельгияның 300-дей (екі рота) әскери қызметкерлері қазіргі кезде Брюссель мен Антверпендегі Еурокомиссия ғимараттарының кешенін, АҚШ Елшілігін, синагогалар мен тағы басқа бірқатар нысандарды күзетке алды, деп жазады Би-би-си.
Бұл 35 жылдың ішінде болған алғашқы оқиға.
Бельгиядағы қауіпсіздікті күшейту 7-9 қаңтар күндері Парижде исламшылардың Charlie Hebdo журналының редакциясына және әмбебап дүкенге жасаған шабуылының салдарынан 17 адам мерт болған қайғылы оқиғалардан кейін енгізілді.
Бельгиядағы полицейлік рейдтердің барысында бейсенбіден жұмаға қараған түні лаңкестік қызметке қатысы бар деген күдікпен 13 адам ұсталған.
Бельгияның Қорғаныс министрлігінің өкілдері әскердің полиция мен арнайы қызметтердің іс-қимылдары мен көшелерді торуылдауына тартылмай, «жекелеген ғимараттар мен олардың ішіндегі адамдарды күзетумен» айналысып жүргенін мәлімдеді.