350 шақырым ақылы жол уақытша тегін болады — «ҚазавтоЖол»

АСТАНА. KAZINFORM — Елімізде 250 шақырым автожол анықталған ақауларға байланысты уақытша тегін болады. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев айтты.

Платная дорога  Ақылы жол
Фото: Kazinform

Оның айтуынша, жұмыс тобы ақылы жолдардың жай-күйін тексеруді аяқтады. 

— Бүгінде бүкіл ақылы жолдардың шамамен 350 шақырымында ақаулар анықталды. Аталған тізім өкілетті орган — Автомобиль жолдары комитетіне жіберілді. Қазіргі уақытта үйлестіру жұмыс жүргізіліп жатыр, тиісті бұйрық шығарылады. Ол жайында қосымша хабарлаймыз, — деді ол Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Компания басшысының мәліметінше, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2 000 шақырым ақылы жолдың шамамен 350 шақырымы уақытша тегін болады.

— Алдағы құрылыс маусымында аталған учаскелерде жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделіп отырғанын тағы да қайталап айтқым келеді. Пайдалануға берілгеннен кейін аталған учаскелерді қайтадан ақы алына бастайды, — деді «ҚазАвтоЖол» басшысы.

Бұған дейін ол жыл басынан бері ақылы жолдардан 79 млрд теңге түскенін айтқан еді.

Соңғы жаңалықтар