37 адамды қажылыққа апармақ болған алаяқтар 4 жылға сотталды
АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласының екі тұрғыны адамдармен алдын ала келісіп Instagram әлеуметтік желісіне Сауд Арабиясының Мекке және Мәдина қалаларына қажылық сапарын ұйымдастыру жөнінде жарнама жариялаған.
— Қылмыскерлердің уәдесіне сенген қажылыққа барам деген 37 азамат оларға жалпы көлемде 60 млн теңге ақша қаражатын тапсырған, — делінген хабарламада.
Алған міндеттемелерін орындамай, жәбірленушілерден алынған ақша қаражаттарын өз қалауынша жұмсаған.
Сот үкімімен олардың әрқайсысына 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Жәбірленушілердің келтірілген материалдық залалды өндіру туралы азаматтық талап арыздары толық қанағаттандырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетелік БҚО-да WhatsApp арқылы 15 адамды алдаған үш алаяқ сотталған еді.