4 қазанда республиканың бірқатар аумағындағы ауа райына белсенді циклон ықпал етеді

Солтүстік аймақтарда жауын-шашын (қар аралас жаңбыр) күтілуде, кейбір жерлерде екпінді жел соғады.
Қазақстанның батыс және оңтүстік бөліктері ғана антициклонның ықпалында болады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында, күндіз Жамбыл облысында кейбір жерлерде жел жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында түнде кейбір жерлерде ауаның температурасы 0-2 градусқа дейін төмендейді.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарының кейбір жерлерінде төтенше жоғары өрт қауіптілігі сақталады.
Жақын тәуліктерде республиканың таулы аймақтарында су деңгейлерінің ауытқулары байқалады. Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында ағатын Сырдария өзенінде су деңгейі төмендейді.