4 күн ішінде 2200-ден астам контрафакт дискілері тәркіленді

АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Жамбылдық полицейлер «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының белсенділерімен бірлесіп, компьютерлік технологияларды,

4 күн ішінде 2200-ден астам контрафакт дискілері тәркіленді

заңсыз айналымдағы контарфакт өнімдерін және арнайы-техникалық құралдарды пайдалануға байланысты қылмыстарды ашуға мен жолын кесуге бағытталған «Киберқылмыс» операциясын өткізді.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз хатшысы Роза Қалдыбекова хабарлады.

Жедел іс-шараның төрт күні ішінде (25-28 шілде аралығы) заңсыз сатылымдағы аудиовизуальды өнімдер мен компьютерлік ойын бағдарламаларын және танымал фирма-өндірушілердің тауар белгілерін заңсыз коммерциялық пайдаланған бағдарламалық қамтамасыз етудің жеті дерегі анықталды. Жедел уәкілдер операция барысында 2221 контрафактылық DVD/CD дискілерін тәркіледі. 27 шілде күні Шу қаласының Орталық базарындағы сауда орнынан мыңға жуық құжатсыз дискілер анықталды. Сондай-ақ, «Мыңбұлақ» мөлтекауданынан 435 «көлденең» көркем фильмдер мен музыка қойылымдарының фонаграммалық диск-көшірмелерімен 34-жасар қала тұрғыны ұсталды.

Тараз қаласының 10-шы мөлтекауданында орналасқан компьютер клубының 10 жұмыс компьютеріне құқық иелерінің рұқсатынсыз ойын бағдарламаларын орнату дерегі анықталды. Жүйелік блоктар тәркіленіп, сараптама тағайындалды. Барлық сараптамалар қорытындысы бойынша сатушылар мен сауда орындары иелерін жауапкершілікке тартуға шешім шығарылатын болады.