4 мамырда ел аумағының басым бөлігінде күшті жел тұрады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 4 мамырда республиканың шығыс бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

4 мамырда ел аумағының басым бөлігінде күшті жел тұрады

Еліміздің батыс аумағында антициклон әсерінен кей жерлерде тұман түсіп, күн күркірейді, сондай-ақ жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал. Шығыста және солтүстік шығыста ұйтқып жел тұрады, оңтүстікте – шаңды дауыл.

Павлодар облысында күндіз кей жерлерде күн күр күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, түнде кей жерлерде, ал күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркіреп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Қостанай облысында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с жетеді, түнде және таңертең тұман түседі.

Қарағанды облысында кей жерлерде күн күркірейді, тұман, желдің күші 15-20 м/с.

Алматы облысында түнде және таңертең күн күркірейді, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Қызылорда, Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі ықтимал. Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі, Қызылорда облысында – кей жерлерде шаңды дауыл.

Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында күндіз кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с болады, Маңғыстау облысында кей жерлерде күн күркүрейді.

Жамбыл облысында түнде кей жерлерде күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.