4 млн 486 мың қазақстандық коронавирус вакцинасын салдырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцина алғандар жайлы соңғы мәліметті ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
2021 жылғы 12 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 4 486 677 адам салдырған.
Ал екпенің екінші компонентін алған қазақстандықтар саны - 2 490 517 адам.
