4 мыңнан астам адам туристік жолдаманы қайтарып алмақшы - министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда туристік ұйымдарға жолдаманы қайтару үшін 4 мыңнан астам адам жүгінген. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Өркен Бисақаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Төтенше жағдай жарияланғанға дейін еліміздің азаматтары шетелге сапарлардан жаппай бас тарта бастады. Біздің мәліметтер бойынша туристік ұйымдарға жолдамаларды қайта тапсыру үшін 4 мыңнан астам адам жүгінген. Ол да туристік окмпанияларға қиын соғып жатыр. Одан бөлек жеке адамдардың да тап болған негізгі проблемалары – әуе компанияларының әуе билеттерін айыппұлсыз қайтаруы бойынша бас тартуы. Бұл мәселе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен талқыланды. Билеттер айпыпұлсыз толық көлемде қайтарылатыны туралы шешім қабылданды», - деді Өркен Бисақаев ОКҚ-да өткен онлайн-форматтағы баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, туристік нарық өкілдері Үкімет атына мемлекеттік қолдау көрсету бойынша өтініштер түсіп жатқан көрінеді. Барлық өтініш тіркеліп, жан-жақты талданбақ.

«Біз әртүрлі нұсқаны қарастырудамыз. Жақын арада шешім жарияланады», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар