Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

4 тамыз. Kazinform күнтізбесі. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 4 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

күнтізбе, календарь
Фото: magnific

ЕСІМДЕР

69 жыл бұрын (1957) саясат қайраткері Бекболат Серікбекұлы ОРЫНБЕКОВ дүниеге келді.

Бекболат Серікбекұлы ОРЫНБЕКОВ
Фото: senate.parlam.kz

Жамбыл облысында туған. Қазақ политехникалвық институтын (инженер-электрик) және Агротехникалық институтты (экономист-бухгалтер) бітірген.

1979 жылдан біраз жылдар бойы № 110 Қаратау кәсіптік-техникалық училищесінде оқытушы, өндіріс шебері, директордың орынбасар болды. 1992-1993 жылдары «Қаратау» қауымдастығының бас директоры, 1994-1997 жылдары «Бірлік» кәсіпорнының директор, 1997-1998 жылдары «Жамбылавтожол» коммуналдық кәсіпорнының жетекші маманы, 1999-2003 жылдары Қаратау қаласы әкімінің орынбасары, 2003-2010 жылдары Талас ауданы Қаратау қаласының әкімі, 2010 жылы Сарысу ауданының әкімі, 2010-2013 жылдары Жамбыл облысы Тараз қаласының әкімі, 2013-2020 жылдары Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары. 2020-2026 жылдары ҚР Парламент Сенатының Жамбыл облысынан сайланған депутаты лауазымын атқарған.

«10 жыл Астана», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» және басқа ведомстволық медальдармен марапатталған.

58 жыл бұрын (1968) Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Амангелдіұлы МОМЫШЕВ дүниеге келді.

Су ресурстары вице-министрі
Фото: Үкімет

Көкшетау облысы Щучинск қаласында туған. Жамбыл гидромелиоративтік — құрылыс институтын «Инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша, Алматы экономика және статистика институтын бітірген.

Еңбек жолы: 1994-1997 жылдары «Қарахан» БК Атқарушы директоры. 1997-1998 жылдары Жамбыл стандарттау, метрология және сертификаттау орталығының бөлім бастығы, директордың орынбасары. 1998 жылы «Интержүйе» ЖШС президенті болды. 1998-1999 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының аға референті, 1999-2000 жылдары Жамбыл облыстық Инвестициялар және Сыртқы экономикалық байланыс жөніндегі комитетінің төрағасы, 2000-2003 жылдары «Метрология» РМК-ның Алматыдағы филиалының директоры, 2003-2005 жылдары «Қазсертико» МҒПО РМК директорының бірінші орынбасары, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ның Астана қаласы бойынша өндірістік басқармасының бастығы, 01.2005-2010 жылдары ҚР Индустрия және сауда министрлігінің (2010 жылдан бері Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі) Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары, 2010-2014 жылдары ҚР Мұнай және газ министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы, 2014-2016 жылдары ҚР Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы, 2016-2018 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, 2018-2019 жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, 2019-2021 жылдары ҚР Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы, 2021-2023 жылдары ҚР Энергетика министрлігі аппаратының басшысы, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі лауазымын атқарған. 2023-2024 жылдары ҚР СИМ «Ұлттық аккредитация орталығы» РМК бас директоры, 2024-2025 жылдары Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры қызметінде болды.

2025 жылдың шілде айынан бастап қазіргі қызметінде.

44 жыл бұрын (1982) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аппарат басшысы Данияр Мұратұлы ИМАШЕВ дүниеге келді.

Данияр Мұратұлы ИМАШЕВ
Фото: Pro Kadry kz

С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

II сыныпты кеңесшi дипломатиялық дәрежесіне ие.

Еңбек жолы: 2003-2005 жылдары Астана қаласының Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде қаржы саласы бойынша бас маман лауазымдарында қызмет етті. 2005-2025 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі жүйесінде жетекші маман, бас сарапшы, басқарма басшысы, директордың орынбасары және департамент директоры, 2025-2026 жылдары Сыртқы істер министрлігі Валюта-қаржы департаментінің директоры қызметінде болды.

Қазіргі лауазымын 2026 жылдың қаңтарынан бері атқарып келеді.

40 жыл бұрын (1986) Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы НАРЫМБЕТОВ дүниеге келді.

Бақытжан Хаберұлы НАРЫМБЕТОВ
Фото: Gov.kz

Орал қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «саясаттану» мамандығы бойынша бітірген, әлеуметтік ғалымдар магистрі.

Еңбек жолы: 2007 жылы «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы» жекеменшік мекемесі Алматы қалалық бөлімшесінің менеджері, 2007-2009 жылдары «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы» жекеменшік мекемесі Алматы қалалық бөлімшесінің басшысы, 2009-2010 жылдары «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Жас Отан» ҚБ ЖҚ Алматы қалалық бөлімшесінің атқарушы хатшысы, 2010-2013 жылдары Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ҚБ ЖҚ атқарушы хатшылығының ұйымдастырушылық жұмыстар бөлімінің сарапшысы, 2013 жылы «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ҚБ ЖҚ атқарушы хатшылығының ақпарат және коммуникациялық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі, 2013 жылы Орал қаласы әкімі аппаратының ақпараттық-талдау жұмыстары және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас инспекторы, 2013-2014 жылдары Орал қаласы әкімі аппаратының ақпараттық-талдау жұмыстары және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы, 2014-2016 жылдары Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы, 2016 жылы Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыстары бөлімінің бас инспекторы, 2016-2017 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты стратегиялық даму бөлімінің басшысы, 2017-2018 жылдары Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының басшысы, 2018 жылы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары, 2018-2019 жылдары ҚР Қоғамдық даму министрлігі азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары, 2019-2021 жылдары Орал қаласы әкімінің орынбасары, 2021-2025 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.

Қазіргі қызметіне 2025 жылдың сәуір айында кірісті.