4 ТАМЫЗ. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. 4 тамыз. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2012 жылғы 4 тамызға арналған күнтізбесін ұсынады.
None
None

4 тамыз, СЕНБІ

Нигерия тәуелсіздігі күні (1960). Нигерия - Батыс Африкада орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Алжир, Ливиямен, шығысында Чадпен, оңтүстігінде Нигерия, Бенинмен, Батысында Буркина-Фасо, Малимен шектеседі. Астанасы - Ниамей қаласы. Мемлекеттік тілі - француз тілі, сонымен қатар жергілікті халықтардың хауса, фулани, тамайек, джерма тілдері де кеңінен қолданылады. Ақша бірлігі - франк.

АҚШ жағалау күзетінің күні. Бұл күн 1790 жылы Американың Министрлер Кеңесінде бекітілген. Дәл сол жылдың 4 тамызында АҚШ Конгресі Қаржы министрі Александр Гамильтон жетекшілігімен флот құрылысын бастауын бұйырған.

Жағалау күзеті АҚШ Қарулы күштерінің маңызды бөлігі болып саналады. Оның құзырына халықаралық сулар, американың жағалау желісі, порттар мен ішкі суларын қосқанда, АҚШ-тың кез-келген теңіз аймағындағы тұрғындарды, қоршаған ортаны қорғау және экономика мен қауіпсіздікті сақтау кіреді.

 

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

36 жыл бұрын (1976) Қазақ КСР-інің «Жер туралы» Кодексі қабылданды.

319 жыл бұрын (1693) француздық монах Дом Периньон шараптардың селекциялау мен араластырудың көптеген тәжірибесі нәтижесінде аққайнар (шампан) дайындау сырын ашты. Бұл үшін ол өте қарапайым тәсілді қолданған: дайын болған шарапқа азғантай ашытқы мен қант қосып, шарапты бөтелкенің ішінде божытуға қойған. Осындай оп-оңай тәсіл адамзат тарихындағы орасан зор жаңалыққа негіз болған.

8 жыл бұрын (2004) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат басқармасы құрамындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы құрылды.

9 жыл бұрын (2003) Астанадағы Республикалық клиникалық ауруханада әлемде тұңғыш рет жұлының жүйке клеткаларын трансплантациялау бойынша операция өткізілді.

Операция сирингомиелия ауруына шалдыққан ауруға (жұлынның атрофиясы) ойдағыдай жасалды. Операция өткенен соң, екінші күні аурудың аяқтарында екі жыл болмаған сезгіштік пайда болды. Операцияны Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, профессор Жақсылық Досқалиев өткізді.

7 жыл бұрын (2005) тамыздың 4-6 аралығында Оралда, «Еуразия» туристік-сауықтыру кешенінде, облыстың жас натуралистерінің слеті болып өтті.

Слетке Батыс Қазақстан облысының Сырым, Ақжайық, Бөрлі және Тасқала аудандарының жас натуралистері қатысты. «Экология және қоғам», «Ғылымдағы алғашқы қадамдар» және «Жас биолог» деген атаумен үш секция жұмыс істеді. Оқушылар пікірталас өткізіп, өздерінің ойларымен бөлісті және баяндамаларын оқыды. Табиғатта тәжірибелік жұмыспен шұғылданды. Балалар даладағы шатыр қалашығына орналасып, сол жердің флорасы мен фаунасын зерттеді.

5 жыл бұрын (2007) Павлодарда Иван Қандыбаевтың «Жаңбырдан кейін» өлеңдер жинағы жарық көрді.

Автордың есімі павлодарлық поэзия әуесқойларына жақсы танымал, ақынның туындылары «Нива» республикалық журналында, «Звезда Прииртышья» облыстық газетінің беттерінде және павлодарлық ақындардың жинақтарында жарық көрген. Мамандығы бойынша И.Қандыбаев мұғалім, 20 жылдан бері мектепте жұмыс істеп келеді.

«Жаңбырдан кейін» кітабында ақынның ой тереңіне бойлауға және оның сезімін кеңінен тануға мүмкіндік беретін жырлары енген.

3 жыл бұрын (2009) Астанада тірек-қимыл аппаратының аурулары бар тұрғындарды емдейтін орталық ашылды.

Орталықта «кинезис-терапия» әдісі бойынша емдік жаттығулар өткізіледі. Ол «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының орталық аппаратының ғимаратында орналасқан.

3 жыл бұрын (2009) Ақтөбеде, Абай саябағындағы №16 тұрғын үйдің қабырғасына Қазақстанның Құрметті құрылысшысы Николай Жиленковқа арналған ескерткіш тақта орнатылды.

Николай Жиленков (1934-2008) «Ақтөбеқұрылыс» қауымдастығының президенті, «Еңбек Қызыл Ту», «Отан», «3-дәрежелі Даниил Московский» сыйлығының иегері, Ақтөбе облысының еңбек сіңірген қайраткері. Қала және облыс құрылыстарына өзінің зор үлесін қосып, қаланың қоғамдық өміріне белсенді араласқан. Ол Ақтөбе қаласының бас жоспарын дайындауға қатысқан және Свято-Никольский шіркеуінің құрылысын қадағалаған.

235 жыл бұрын (1777) Лондонда әлемдегі алғашқы цирк ашылды. 1770 жылы әскери қызметінен оралған аға сержант Филипп Эстли Лондонда шабандоздардың мектебін қалыптастырды. Көп ұзамай аттармен жасалатын спорттық-акробаттық көрсетілімдер үшін арнайы ғимарат салынды, оның көрермендер залы, манежы, оркестрі және сахнасы болды.

Филипп Эстли алғашқы цирк әулетінің негізін салушы болды. ол осыған ұқсас кәсіпорындарды өзге де қалаларда салып, ұйымдастырды. 1782 жылы оның филиалы Парижде ашылды.

319 жыл бұрын (1693) француз монахы Дом Периньон шараптардың селекциясы мен оларды бір-бірімен араластырудың көптеген тәжірибесінен кейін шампанды әзірлеу құпиясын ашты. Ол үшін қарапайым әдіс қолданды: дайын болып қалған шарапқа шамалы ашытқы мен қант қосып, шарапқа бөтелкенің ішінде толығымен ашуға мүмкіндік берді.

308 жыл бұрын (1704) Франция мен Ресей достық туралы келісімге қол қойды.

120 жыл бұрын (1892) Владимир Ульянов (болашақ Ленин) сот істерін жүргізуге құқық алды.

98 жыл бұрын ( 1914) Ұлыбритания Германияға соғыс жариялады.

90 жыл бұрын (1922) новатор Александр Белланы ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті.  1 минут бойы Солтүстік Американың 13 миллион телефоны үнсіздікте болды.

17 жыл бұрын (1995) «Боран» операциясы басталды, оның арты Серб Краинасы Республикасы мен Батыс Босния Республикасының жойылуымен аяқталды.

 

ЕСІМДЕР

94 жыл бұрын (1918-1993) жазушы, аудармашы, Ұлы Отан соғысының ардагері ЖАРЫЛҒАПОВ Ісләм дүниеге келді.

Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында туған. Алматы педагогикалық училищесін, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын КСРО Сыртқы істер министрлігінің жоғары дипломатиялық мектебін бітірген. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің лекторы, сектор меңгерушісі болған. «Жазушы» баспасында, Мәдениет министрлігінде, Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде жауапты қызметтер атқарған. «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы, «Жұлдыз» журналы бас редакторының орынбасары, Қазақстан Жазушылар одағының көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры болып істеген. 1975 жылдан шығармашылық жұмыста болған қаламгер көркем аударма саласында жемісті еңбек еткен. Ол аударған А.Пушкиннің, А.Герценнің, М.Шолоховтың, Д.Собольевтің, М.Лермонтовтың, М.Пришвиннің және көптеген шетел жазушыларының шығармалары көркем аударма жанрының озық үлгісі ретінде танылды. Оның мазмұны бай, ойлы публицистикалық, әдеби-сын мақалалары республикалық баспасөзде үнемі жарияланып тұрды. Әсіресе оның әдеби терминдер, жеке атаулар жасаудағы еңбегі ерекше. Жазушы ұлттық терминология жасау ісіне араласып, қазақ тілі қорын «оқырман», «жағажай», «балмұздақ», «перзентхана», «уыздық», «теледидар», «ғарыш», «жағажай», «саяжай», «көрермен», т.б. 500-ден астам жаңа терминдермен байытқан.

Бірнеше мәрте Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

103 жыл бұрын (1909-1998) қылқалам шебері, КСРО Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері ЛИЗОГУБ Мария Сергеевна дүниеге келді.

Ресейде туған. Киев көркемсурет институтын бітірген. 1939 жылдан Алматы қаласында тұрған.

Оның «Қ.Қуанышбаев», «Нан», «Таңсәрі», «Жас дәрігер», т.б. суреттері бар. Туындылары Қазақстанның мемлекеттік өнер мұражайында сақтаулы.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, медальдармен марапатталған.

63 жыл бұрын (1949) АХМЕДЬЯНОВ Қабидолла Үгібай дүниеге келді.

Астана қаласында туған. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Целиноград облыстық комсомол комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1979-1983 жылдары - Целиноград облыстық партия комитетінің консультанты, нұсқаушысы. 1983-1985 жылдары - Шортанды аудандық партя комитетінің екінші хатшысы. 1985-1991 жылдары - Шортанды аудандық атқару комитетінің төрағасы. 1991-1992 жылдары - Целиноград облыстық атқару комитетінің төрағасы. 1992-2004 жылдары - Шортанды ауданының әкімі. 2004-2006 жылдары Атбасар ауданының әкімі болған.

«Құрмет» орденімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

63 жыл бұрын (1949) жазушы, филология ғылымының докторы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі АЛПЫСБАЕВ Құныпия Қожахметұлы дүниеге келді.

Қытай елінің Баяндай ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1974-1975 жылдары - Қазақ мемлекеттік университетінің кәсіподақ комитетінің төрағасы. 1987-1989 Қазақ мемлекеттік университетінің дайындық бөлімінің деканының орынбасары. 1993-1994 жылдары Қазақ мемелекеттік университетінің сырттай оқытатын филология факультетінің деканы қызметтерін атқарған. 1996 жылдан Қазақ мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. 1995 жылы Түркияның Анкара, Болу, Кония қалаларында өткен «Манас» жырының 1000 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференцияға қатысып, баяндама жасаған. 100-ден аса ғылыми-зерттеу еңбегі, отандық және шетел баспаларында 15 кітабы мен кітапшалары шыққан.

42 жыл бұрын (1970) ауыр атлетші, пауэрлифтингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, арнайы мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінің жаттықтырушысы ДАРНОПЫХ Борис Петрович дүниеге келді.

Павлодар қаласында туған. Павлодар монтаж техникумын, Инновациялық Еуразиялық университетін бітірген.

Қазақстан Республикасы біріншіліктерінің, Кубогының бірнеше дүркін жеңімпазы атанған.

Қазіргі уақытта пауэрлифтингтен арнайы мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінде жаттықтырушылық қызметтін атқарады.

66 жыл бұрын «Рахат» АҚ Басқарма төрағасы ПОПЕЛЮШКО Анатолий Висханович дүниеге келді.

1992 жылдан бастап «Рахат» АҚ Басқарма төрағасы-Президент қызметін атқарды және 1998 жылдан бастап Қоғам акционері ретінде «Рахат» АҚ Директорлар Кеңесіне сайланды.
Еңбек жолын 1963 жылы Талдықорған облысындағы Қарабұлақ қант комбинатында электр және газбен дәнекерлеушінің шәкірті болып бастады.
Мәскеу тамақ және жеңіл өнеркәсіп технологиясы институтын бітіріп, инженер - механик біліктілігін алды.
1970 жылы Талдықорған облысындағы Ақсу қант зауытына механика шеберханаларының бастығы ретінде жұмысқа жіберілді. 1972 жылдан 1976 жылға дейін бас инженердің орынбасары. Ал 1976 жылдан 1977 жылға дейін директордың орынбасары болып жұмыс істейді. 1977 жылдан 1983 жылға дейін Талдықорған облысы Алакөл қант зауытының директоры болды. 1983 жылдан 1984 жылға дейін Қарабұлақ қант комбинатының директоры, 1984 жылдың ақпан айынан наурызға дейін Жамбыл облысы Мерке қант зауыты директорының орынбасары қызметін атқарды. 1984 жылғы наурыз айынан бастап бас инженер, ал 1984 жылғы тамыз айынан бастап Алма-Ата кондитер фабрикасының директоры болып тағайындалды.
Техника ғылымдарының кандидаты, Алматы технология университетінің профессоры. 2002 жылдан Қазақстан тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі тауар өндірушілері Одағының Президенті, Қазақстан жұмыс берушілері Конфедерациясының бюро мүшесі. 1999 - 2004 ж.ж. - «Қазақстан тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі» журналының редакторы.
Алматы қалалық мәслихатының депутаты (1999, 2003, 2007 ж.).

55 жыл бұрын (1957)  Тараз қаласының әкімі ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы дүниеге келді.

В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын және Агротехникалық институтын бітірген. Мамандығы инженер-электрик, экономист-бухгалтер.
Еңбек жолын Қаратау кәсіби-техникалық училищесінде бастап, осы жерде шебер, директордың орынбасары болып жұмыс істеген.
«Қаратау» ассоциациясының бас директоры, «Бірлік» шағын кәсіпорнының директоры, «Жамбыл автожол» қазыналық кәсіпорнының жетекші маманы, Қаратау қаласы әкімінің орынбасары, Қаратау қаласының әкімі қызметтерін атқарған.
Аталған қызметіне тағайындалғанға дейін Сарысу ауданының әкімі болды.

51 жыл бұрын (1961) американдық саяси қайраткер, Америка Құрама Штаттарының 44-інші президенті, Нобель сыйлығының лауреаты Барак ОБАМА дүниеге келді.

Гавайи штатының Гонолулу қаласында (АҚШ) туған. Сол жерде ол белді жекеменшік мектепті тәмамдап, білім жолын Лос-Анджелестегі колледжде, одан кейін Колумбиялық университетте жалғастырды. 1983 жылы бакалавр дәрежесін алу алдында Обама, Нью-Йорк ғылыми-зерттеу орталығының Халықаралық бизнес-корпорациясында қаржы сарапшысы болып жұмыс істеп жүрді.

1985 жылы Барак Чмкагоға көшіп кетіп, онда түрлі қызметте жұмыс істеді.

Обаманың саясаттағы мансабы Иллионс штатының Сенатында басталды. Онда ол 1996-2004 жылдар аралығында үш рет сайланды. 

Обама 2002 жылы президент Джордж Буштың әкімшілігінің Иракқа әскермен баса көктеп кіру жоспарын сынға алған сөздерінен кейін танымалдылыққа ие болды.

2004 жылы Обама АҚШ Сенатына сайлауға түсіп, онда жеңіске жетті. 2007 жылдың ақпанында Обама АҚШ президенттігіне өзінің кандидатурасын ұсынды. Өзінің сайлауалды науқанында ол Ирактағы соғысты тоқтату, жаппай медициналық сақтандыру және энергетикалық тәуелсіздік мәселелерін қозғады.

2008 жылдың қарашасында Барак Обама президенттік сайлауды жеңіп, 2009 жылдың 20 қаңтарында АҚШ-тың 44-інші президенті ретінде ант қабылдады. Б.Обама АҚШ басшылығына келген қара нәсілді алғашқы президент болды.

60 жыл бұрын (1952) «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның Құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор ХАСЕНОВ Рүстем Қойбағарұлы дүниеге келді.
Көкшетау қаласында туған. Қарағанды Мемлекеттік университетін бітірген. 1997-2004 жылдары ҚР көлік және коммуникациялар министрлігінің заң қызметінің жетекшісі, заң департаментінің бас маманы, за депратментінің бастығы, Астана қаласы әкімі аппаратының құқықтық бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2008 жылдан «ҚТЖ» ҰК» АҚ құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры.

Соңғы жаңалықтар