4 жасар қызды зорлады деген күдікпен Қарағанды облысының тұрғыны ұсталды

АСТАНА. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының полицейлері кішкентай қызды зорлағаны үшін  облыс тұрғынын ұстады.
None
None

«Жәбірленушінің анасы жедел жәрдемге хабарласып, 4 жастағы қызын ауруханаға жатқызады. Кішкентай қызды тексерген дәрігер мамандар қыздың жыныс органдарынан зорлау белгілерін анықтады. Қабылданған шаралардың арқасында Жезқазған қаласының жедел қызметкерлері 23 жастағы жұмыссызды ұстады»,-делінген ҚР ІІМ мәліметтерінде.  Ол қызды жатахананың 5 қабатына апарып зорлық көрсеткенін және мас күйінде болғанын мойындады.Қазіргі уақытта күдікті тұтқынға алынды. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 120-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар