13:41, 06 Желтоқсан 2011 | GMT +5
4 жылдан кейін Қазақстанда 100-ге жуық жоғары оқу орны қалады - Білім және ғылым министрі
АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 4 жылдан кейін Қазақстанда 100-ге жуық жоғары оқу орны қалады.

Бүгін Үкімет отырысынан кейін журналистер сауалына жауап беру кезінде Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов осылай айтты.
«3-4 жылдан кейін елімізде 100-ге тарта оқу орындары қалады. Бұл әлемдік тәжірибеге сай үрдіс»,-деді министр. Ведомство басшысының сөзіне қарағанда, бүгінде Қазақстанда 148 жоғары оқу орны бар. Алайда министр осы оқу орындарының барлығы бірдей сапалы білім беріп отырғандығына күмәнданатынын айтты.
Бұл тұрғыда Б. Жұмағұлов биылдың өзінде 12 жоғары оқу орны қысқаратынын және бұл жұмыстар кезең-кезеңмен жалғасатынын жеткізді. Ал алдағы жылы тағы 20 жоғары оқу орны қысқарады немесе колледждерге ауыстырылады.