40 килә бекіре тұқымдас балық аулаған браконьерлік топ құрықталды

АҚТАУ. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Су жағалауы шекара қызметкерлерінің жедел іс-шаралары кезінде Ақтаудан 45 шақырым жердегі демалыс орнында 12 шетел азаматынан құралған браконьерлік топ құрықталды.
None
None
Олар - Әзірбайжан, Грузия, Ресей және Қазақстан азаматтары, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ҰҚК ШҚ су жағалауын күзету аймақтық басқармасына сілтеме жасап. Ұсталғандардан 2 «байда» тектес, 1 моторлы қайық пен 40 килә бекіре тұқымдас балық және түрлі ау салу құралдары тәркіленді. Браконьерлер ұзақ уақыт бойы бекіре тұқымдас балық аулаумен заңсыз айналысып келген. Демалыс орнының иесі де олардың мұндай іс?әрекеттерін біле тұра, құзырлы органдарға хабарламаған. «Браконьерлік топтың заңсыз балық аулағанына көп болған. Олар біз өткізген арнайы іс-шаралардың арқасында ғана қолға түсіп отыр. Ұсталғандардың арасындағы Грузия азаматы осындай әрекеті үшін бұған дейін де сотталған болып шықты. Қазір қайта қамауға алынды. Енді аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, кінәлілер жауапқа тартылады», - дейді ҚР ҰҚК ШҚ су жағалауын күзету аймақтық басқармасы тәрбие ісі жөніндегі бастығының міндетін атқарушы Марат Мейманов.
Соңғы жаңалықтар