40 киләға жуық есірткі өртелді

АҚТӨБЕ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ –Өткен сенбіде көліктегі Батыс ішкі істер департаменті Орал стансысында «Есірткісіз болашақ» кезекті акциясы өткізілді.
None
None
Акция барысында 40 киләға жуық есірткі құралдары өртелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Көліктегі Батыс ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша комиссиялық жолмен, атқарушы билік, жұртшылық, көлік прокуратурасы өкілдерінің, мектеп оқушыларының қатысуымен 19 килә марихуана, 13 килә көкнәр, 8 килә гашиш өртенді. Акцияның мақсаты ? есіркіге қарсы күресу, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
Соңғы жаңалықтар