426 отбасы зардап шеккен: Астанадағы заңсыз құрылыс ісі сотқа жетті

АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласының прокуратурасымен «Оазис», «R-Club» және «R-ClubDeluxe» тұрғын үй кешендерінің үлестік құрылысы бойынша қылмыстық істер сотқа жолданды.

стройка, строительство, жилье, многоэтажка
Фото: freepik.com

Астана қаласы прокуратурасының үйлестіруімен азаматтардың қаражатын үлестік құрылысқа заңсыз тарту дерегі бойынша қылмыстық істерді тергеп-тексеру аяқталды.

Іс-әрекеттері 426-дан астам отбасының мүдделеріне 8,2 млрд теңге көлемінде залал келтіруге әкеп соққан адамдар тобына қатысты қылмыстық істер сотқа жолданды.

— Тергеу барысында қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар ҚР заңнамасының талаптарын бұза отырып «Оазис», «R-Club» және «R-ClubDeluxe» тұрғын үй кешендерін салу үшін азаматтардың ақшалай қаражатын тиісті рұқсаттар алмай тартқаны анықталды, — делінген прокуратура хабарламасында.

Тартылған ақшалай қаражат көзделген мақсатта пайдаланылмады, ал объектілердің құрылысы тиісті түрде жүзеге асырылмады.

— Жәбірленушілердің азаматтық талаптарын қамтамасыз ету мақсатында, соттың санкциясымен жылжымалы және жылжымайтын мүлікке, атап айтқанда 10 пәтерге, 36 жер учаскесіне, 16 тұрғын емес үй-жайға, 49 автомашинаға тыйым салынды, — делінген хабарламада.

Күдікті 12 тұлғаларға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Айта кетелік Астанада үлескерлер 4 млрд теңге құйған тұрғын үй сүрілген еді

 

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум