Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

43 градус аптап: Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде күн қатты ысиды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2-5 тамыз аралығында Қазақстанның бірқатар өңірінде күн қатты ысиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

43 градус аптап: Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде күн қатты ысиды

Иран аудандарынан келетін ыстық және құрғақ ауа массасы елдің батыс және оңтүстік аймақтарын қамтиды.

Бұл өңірлерде әлі де өте қатты ыстық сақталады – 35-40, кей жерлерде 43°С-қа дейін.

Атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады.

Жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді және ауа температурасы аздап төмендейді.

Күндіз солтүстікте, орталықта және шығыста ауа температурасы 23-33°С аралығында болады.