Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

43 градус ыстық, жел, жаңбыр: 15 тамыз күнгі ауа райы болжамы

АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет 15 тамыз күнгі ауа райы болжамын жариялады. Бірнеше өңірде ауа температурасы 43 градусқа дейін жетеді.

парк, лето, весна, погода, саябақ, жаз, ауа райы
Фото: Александр Павский / Kazinform

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ жаууы мүмкін, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде дауыл күтіледі.

Республика бойынша желдің күшеюі болжанып, күндіз батыста, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Елдің батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Күндіз Абай, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында өте қатты ыстық +41°С-қа дейін көтеріледі.

Күндіз Ақмола облысында +35°С, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында және Жетісу, Ұлытау, Абай облыстарында +35…+39°С, Жамбыл облысында +38…+40°С, Түркістан облысында, Қызылорда облысының шығысы мен оңтүстігінде +40…+43°С қатты ыстық болады.

Айта кетейік, бүгін Алматы мен тағы екі қалада ауа сапасы нашарлайды.