44 градус ыстық: Қазгидромет 1 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады
АСТАНА. KAZINFORM – 1 тамызда Қазақстанның 14 облысында аптап ыстық, найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл және қатты желге байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Астанада күннің екінші жартысында жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыс желі күндіз екпінін секундына 15-20 метрге дейін күшейтеді. Ауа температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі.
Алматыда күндіз 35-37 градусқа дейін қатты ыстық болады. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкентте солтүстік-шығыс желінің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Күндіз ауа температурасы 40-41 градус болады. Қалада төтенше өрт қаупі жарияланған.
Абай облысында оңтүстік-шығыс желі оңтүстік-батысқа ауысып, оңтүстігі мен орталығында екпіні 15-18 м/с болады. Күндіз 35-37 градус ыстық күтіледі. Өңірдің оңтүстігі мен орталығында жоғары, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысында түнде батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігі мен шығысында ауа температурасы 37 градусқа дейін көтеріледі. Батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысында шығыс және солтүстік-шығыс желі күшейіп, шығысында және таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз 35-39 градус аптап ыстық күтіледі. Солтүстігі, батысы мен оңтүстігінде төтенше, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының солтүстігі мен шығысында күндіз өткінші жаңбыр, найзағай және шаңды дауыл болады. Желдің екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең солтүстікте тұман түседі. Желдің екпіні 15-18 м/с болады. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін жетеді. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысында солтүстік-шығыс желі облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы 38-40 градус болады. Облыс аумағында төтенше, шығысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында Алакөл ауданында солтүстік-шығыс желінің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 25 м/с-қа дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Батыс және солтүстік-батыс желінің екпіні 15-20 м/с болады. Облыста жоғары, ал батысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде нөсер жаңбыр, бұршақ және дауыл болады. Желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Оңтүстігінде ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Батысы, шығысы мен орталығында жоғары, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында түнде солтүстігінде солтүстік-батыс желі 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы 40-43 градусқа дейін жетеді. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында солтүстік-батыс және солтүстік желдің екпіні күндіз 15-18 м/с болады. Ауа температурасы 38-40 градусқа дейін көтеріледі. Батысы мен солтүстігінде жоғары, солтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстігінде жоғары, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыс желінің екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы 40-44 градусқа дейін көтеріледі. Облыста төтенше өрт қаупі сақталып, шығысында, солтүстігінде және оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі жарияланған.