45 адамның өмірін жалмаған Қызылағашты жөндеуге Үкімет 50 млн теңге бөлді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Қызылағаш су қоймасын жөндеуге ҚР Үкіметі 50 млн теңге бөлді. Бұл туралы бүгін ҚазАқпарат тілшісінің сұрағына жауап бере отырып, Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында министрліктің су ресурстары комитеті су шаруашылық мекемелерін дамыту және пайдалануға беру басқармасының жетекшісі Мұрат Бейсенов мәлім етті.
None
None

«Қызылағаш су қоймасына келетін болсақ, қуанышымызға орай, биыл ҚР Үкіметі үлкен қолдау көрсетіп, 45 апатты су қойманың 15-ін жөндеуге қаржы бөлу туралы шешім қабылдады. Елімізде 45 апатты су қоймасы бар, оның 34-і республикалық меншікте. Биыл 11 қыркүйекте өткен республикалық бюджеттік комиссияның отырысында 15 су қойманы күрделі жөндеуден өткізу үшін 710 млн теңге мақұлданды. 710 млн теңгенің 50 миллионы Қызылағаш су қоймасына бөлінді. Қалған қаражат 2017-2018 жылдары бөлінеді»,-деп хабарлады М.Бейсенов.

Қызылағаш су қоймасының аты Қазақстанда қайғылы оқиғамен қатар жүреді. 2010 жылдың 11 наурызынан 12 наурызына қараған түні Қызылағаш су қоймасындағы бөгет бұзылып, Қызылағаш ауылын шайып кеткен еді. Үкімет ресми түрде 45 адамның қаза болғанын хабарлады. 146 үй толығымен шайылып кеткен, 251 үй қираған, шығын болған мал басында есеп жоқ еді. Жалпы, арнасынан асқан Қызылағаш су қоймасының суы 18 минуттың ішінде өз жолындағының барлығын шайып кеткен. Артынша, Алматы облысының    прокуратурасы Ақсу  ауданының Қызылағаш  ауылында   адам   өліміне   әкелген  төтенше оқиға  бойынша қылмыстық  іс   қозғады. Ішкі істер  министрлігінің баспасөз   қызметінен  хабарлағандай,     жүргізілген  арнайы  шаралардың барысында Қызылағаш селолық  округінің   әкімі Е.Жүнісов,    Алматы облысы  бойынша Төтенше жағдайлар  департаменті бастығының  орынбасары Е.Енин,   Ақсу ауданы  төтенше жағдайлар   бөлімінің бастығы  Қ. Байзақов,   «Шынар» ЖШС-інің директоры және    құрылтайшысы К.Бекеев,     суды пайдаланушылардың арнайы өндірістік   кооперативінің атқарушы директоры   М.Жүнісов         уақытша    оқшаулау  абақтысына     жабылды. Талдықорған гарнизонының әскери соты осы қайғылы оқиғаға байланысты су бөгетінің иесі, «Қызылағаш» кооперативінің басқарма төрағасы Қуаныш Бекеев, Қызылағаш ауылдық округінің бұрынғы әкімі Есет Жүнісов пен оның інісі, «Қызылағаш» кооперативінің директоры Мұхит Жүнісов бес жылға сотталған болатын. Ақсу аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің бастығы Күнібек Байзақов шарттты түрде үш жылға сотталса, сот Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Евгений Енинді, Алматы облысы су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы Ақдарбек Сабыровты, Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Берік Тынышбаевты ақтаған болатын.

Соңғы жаңалықтар