47,3 млн. теңге бюджет қаржысын қымқырған ЖШС директорының үстінен қылмыстық іс қозғалды

ОРАЛ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті ҚР ҚК 176-бабы 3-бөлімі «б» тармағына сәйкес ЖШС директоры Б-ның үстінен қылмыстық іс қозғады.


47,3 млн. теңге бюджет қаржысын қымқырған ЖШС директорының үстінен қылмыстық іс қозғалды
Департаменттің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, аталған директор облыстағы автожол учаскесін күрделі жөндеу кезінде 47,3 млн. теңге бюджет қаржысын қымқырған. Департамент сондай-ақ алаяқтығы үшін ҚР ҚК 177-бабы 3-бөлімі «б» тармағына сәйкес ПИК төрағасының үстінен қылмыстық іс көтерді. Бұл төраға жатақханадан бөлме бергені үшін А. деген азаматтың 1 млн. теңгесін алдап алған.