48 тапсырманың 36-сы орындалды, 12-сі іс үстінде ? ОҚО әкімінің есебі

ШЫМКЕНТ. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ – ОҚО әкімімен тұрғындардың өткен жылғы кездесуде аталған барлық проблемалар бақылауға алынды. 48 тапсырманың 36-сы орындалды, көлемінің үлкендігінен және іске асырылу мерзімінің ұзақтығынан 12-сі орындалу үстінде қалып отыр.
None
None
Бүгін аймақ әкімі Нұрғали Әшімов облыс әкімдігі жұмыстарының барлық бағыттары бойынша егжей-тегжейлі есеп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Билік қызметі ең алдымен адамдардың үнемі қажет етілетін құндылықтары мен өмірлік маңызды талаптарын қолдауға арналған нақтылы істермен бағаланады. Олар ? адам денсаулығы, білім беру сапасы, табыстарды арттыру, біздің азаматтарымыздың жұмыссыздық деңгейін төмендету», ? деді Н.Әшімов. Осы мұқтаждықтар ? яғни әлеуметтік сала үшін ? өткен жылы 127,2 млрд. теңге немесе облыс бюджетінің 72,7 пайызы жұмсалды. Биылғы жылы әлеуметтік саланың үлесі 76,7 пайызға дейін өсті.Білім беру (43 пайыз) және денсаулық сақтау салаларына бұрын болмаған қаражат көзделді, дағдарысқа қарамай кәсіпорындардың өндірісі өсті және ауыл шаруашылығы сенімді дамуда. Әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындылары сенім ұялата түседі. «Әлемдік қаржы дағдарысы біздің облысқа еш әсер етпейді деп айта алмаймын. Бірақ біздер облыс адамдарының өміріне әсерін барынша жұмсарту үшін барлық шараларды қолданудамыз», ? деді әкім.
Соңғы жаңалықтар