5 келі есірткі салынған сәлемдеме қателікпен Мәскеу полициясы бөліміне жеткізілген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеулік полиция бөліміне бес келі есірткі салынған сәлемдеме жеткізілді. Бұл туралы ІІМ қалалық басқармасының баспасөз қызметінің басшысы Андре Галиакберов мәлім етті.
None
None

Белгілі болғандай, сәлемдемені шетелден белгісіз азаматқа жолдаған. Алайда ол қателікпен Чертаново Северное ауданы бойынша ІІМБ жеткізілді.

Сараптама нәтижесінде бұл спайс деп аталатын есірткі заты екені анықталды.

Қазір тиісті орындар сәлемдемені жолдаған және оны қабылдайтын адамның кім екенін тексеріп жатыр, деп жазды informing.ru.

Соңғы жаңалықтар