5 қыркүйек. Kazinform күнтізбесі. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 5 қыркүйек күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

7 қыркүйек. Тұлғалар туған күн
Фото: Kazinform/Midjourney

Мұхтар ЕРМАН, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары

1963 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданында дүниеге келген. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (1986), Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (1998) бітірген.

Еңбек жолы: Алматы сәулет-құрылыс институтының ассистенті, тәлімгері (1986-1993); Алматы қаласындағы «Яшар холдинг» компаниясының өңірлік менеджері (1993-1999); Алматы қаласындағы «Алматыжарнама» мемлекеттік кәсіпорнының директоры (1999-2005); «Бірінші арна «Еуразия» ЖШС бас директорының орынбасары (2013-2014); ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» фракциясы аппаратының басшысы (2014-2016); «Нұр Отан» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылым депутаты, Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі (2016-2021); ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты (2021-2022); ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі (2022); ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы (2022-2024).

Қазіргі қызметін 2024 жылғы қарашадан бері атқарып келеді.

Нияз КӨШКІМБАЕВ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарушы директоры

1979 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «тау-кен инженері-электригі» мамандығы бойынша (2001), кейін осы университетті «экономист-заңгер» мамандығы бойынша (2002) бітірген.

Еңбек жолы: «РИФ» СФ ЖШС директорының ұйымдастыру мәселелері жөніндегі орынбасары (2002); «Мередиан-П» ЖШС менеджер-маркетологі (2002); ҚР Президенті Іс басқармасының Материалдық-техникалық қамтамасыз ету базасы Маркетинг және жабдықтау бөлімінің бас маманы (2003); Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің бас маманы (2003-2005); Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің маманы, бөлім басшысы (2005-2006); ҚР Қаржы министрлігінің бас маманы (2006-2007); ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бас маманы (2007); «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ менеджері, бас менеджері (2007-2009); «ҚазМитИндастри» ЖШС қаржы директоры (2009); ҚР Статистика агенттігі төрағасының кеңесшісі (2009-2010); ҚР Статистика агенттігінің Қаржы және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары, кейін директоры (2010-2014); ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Қаржы және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы (2014-2017); ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасары (2017-2020); ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары (2020-2022); «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарушы директоры (2022 жылғы маусымнан бері).

Қазіргі қызметін 2025 жылғы мамырдан бері атқарып келеді.

Ерсайын ХАМИТОВ, «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі

1983 жылы Қостанай облысында дүниеге келген.

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «экономист-қаржыгер» мамандығы бойынша (2004), М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін Executive Master of Business Administration бағдарламасы бойынша (2020) бітірген.

Еңбек жолы: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ кредит менеджері; кредиттік талдау секторының меңгерушісі (2004-2006); «Қазақстан Халық Банкі» АҚ аға талдаушысы, бас талдаушысы (2006-2007); «БТА Банк» АҚ сектор меңгерушісі, бөлім бастығы; басқарма бастығының орынбасары (2007-2009); «Самұрық-Энерго» АҚ бас менеджері (2009-2010); «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ бас менеджері (2010-2013); «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Корпоративтік қаржы департаментінің директоры (2013-2014); басқарушы директоры (2014-2016); басқарушы директоры – Басқарма мүшесі (2016-2022); Басқарма төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі (2022 жылғы мамырдан бері); «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (2025).

Қазіргі қызметін 2025 жылғы ақпаннан бері атқарып келеді.

Ерлан ӘУКЕНОВ, Q88 қауымдастығы кеңесінің төрағасы

1984 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін мемлекеттік және жергілікті басқару, Ұлыбританиядағы Брэдфорд университетін мемлекеттік саясат, Халықаралық бизнес академиясын корпоративтік менеджмент мамандықтары бойынша бітірген. Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінде «Қалаларды дамыту» бағыты бойынша MBA (Master of Business Administration) дәрежесін алған (2018).

Еңбек жолы: бизнес құрылымдар мен үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс істеген (2002-2007); «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингінің Активтерді басқару департаменті директорының орынбасары (2007-2008); Білім және ғылым министрінің көмекшісі, ҚР Білім және ғылым министрлігі департаментінің директоры (2008-2010); Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында басшылық қызметтер атқарған (2010-2011); ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы (2011-2014); кәсіпкерлік, өнеркәсіп, сыртқы экономикалық байланыстар мен туризмді дамыту мәселелері жөніндегі Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (2014-2015); Алматы қаласы әкімінің орынбасары (2015-2017); Алматы қаласы әкімінің орынбасары (2018-2019); ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі (2019-2021); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының штаттан тыс кеңесшісі.

Сондай-ақ бұл күні дүниеге келгендер:

Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, қазақ ағартушысы, ақын, аудармашы, тілші ғалым, түркітанушы, педагог, публицист, қоғам қайраткері әрі саяси публицист

1872 жылы Торғай уезінің Тосын болысында шаруа отбасында дүниеге келген. Алғашқы білімін туған ауылында алып, кейін Торғай орыс-қазақ училищесінде (1886-1891), Орынбор мұғалімдер семинариясында (1891-1895) оқыған. Ұстаздық жолын 1895 жылы ауыл мектебінде мұғалім болып бастап, кейін болыстық мектепте сабақ берген. 1909 жылы Қарқаралыдағы екі сыныпты орыс-қазақ училищесін басқарып жүрген кезінде сол кездегі қоғамдық құрылысқа қарсы оппозицияға қосылғаны үшін тұтқындалып, Орынборға жер аударылған.

Ахмет Байтұрсынұлы – тұңғыш қазақ әліппесінің авторы. Ғалым жасаған жаңа қазақ әліпбиі кейін оның атымен аталып, өз кезінде түркі тілдес халықтардың жазуын реформалауға үлгі болды. Сондай-ақ ана тілі, қазақ тілі, грамматика мен тіл дамытуға арналған оқу-әдістемелік еңбектер мен түрлі хрестоматиялар жазған. Бұл еңбектер қазақ тіл білімі мен қазақ тілін оқыту әдістемесі саласында әлі күнге дейін жоғары бағаланады.

1913 жылы Ахмет Байтұрсынұлы қазақ зиялыларының бастамасымен құрылған «Қазақ» газетінің алғашқы редакторы болды. Басылымда қазақ тілін, мәдениетін және мектептегі білім беруді дамыту мәселелеріне баса назар аударылды.

1917 жылғы революциядан кейін «Алаш» партиясының мүшесі ретінде Қырғыз (Қазақ) өлкесінің Әскери-революциялық комитетіне мүше болып сайланды. 1920-1921 жылдары өлкелік халық ағарту комиссары, 1921-1922 жылдары Академиялық орталықтың төрағасы қызметін атқарды. Халық ағарту комиссариатының ғылыми-әдістемелік кеңесінің мүшесі болды.

1920 жылы РКП(б) қатарына кірді. 1921-1928 жылдары Қазақ халық ағарту институтында жұмыс істеп, қазақ тілі мен әдебиетінен, тарих пен мәдениеттен дәріс оқыды. 1928-1929 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің профессоры болды. Ол жасаған әрі есімімен аталған жазу жүйесі сауатсыздықты жою ісін жеделдетіп, қазақ халқының жазу мәдениетін көтеруге мүмкіндік берді.

1929 жылғы маусымда Қызылордаға шығармашылық сапармен барған кезінде тұтқындалды. Оған 1926 жылы Бакуде өткен түркітанушылар съезінде шетелдік ғалымдармен кездесіп, Мұстафа Шоқаймен байланыс орнатуға әрекеттенді, сол арқылы Қазақстанды Ресейден бөліп әкету жоспарын жүзеге асыру үшін одан көмек алмақ болды деген айып тағылды. 1931 жылы Архангельск облысына жер аударылып, үш жылдан кейін ғана Алматыға оралды. 1937 жылы саяси қуғын-сүргіннің жаңа толқыны басталған кезде қайта тұтқындалды. 1937 жылғы 8 желтоқсанда «халық жауы» деген айыппен атылды. 1988 жылы ақталды.

Сыдық МҰХАМЕДЖАНОВ, ұлы қазақ композиторы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері

1924 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Алматы консерваториясының композиторлық бөлімін Е. Г. Брусиловскийдің сыныбында бітірген.

Оқып жүрген кезінде Қазақ радиосында музыка редакторы болып жұмыс істеп, кейін көркемдік жетекші қызметін атқарды. Қазақ КСР Мәдениет министрлігінде еңбек етті, Қазақстан Композиторлар одағын басқарды. 1964-1968 жылдары Қазақ филармониясын басқарып, сонымен бірге оның көркемдік жетекшісі болды. 1969-1972 жылдары Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының директоры қызметін атқарды.

Оның Абай сөзіне жазылған «Жарқ етпес қара көңілім неғылса да», «Өзгеге көңілім тоярсың», «Ғашықтық тілі – тілсіз тіл» әндері қазақ ән өнерінде айрықша орын алады. Скрипка мен фортепианоға арналған сонаталары, халық аспаптары оркестріне жазылған пьесалары мен күйлері, камералық оркестрлерге арналған поэмалары қазақтың аспаптық, оркестрлік және камералық музыкасын дамытуға үлес қосқан, көркемдік деңгейі жоғары туындылар саналады.

«Алдар Көсе», «Ботагөз», «Рабиға», «Беу, қыздар-ай», «Сәуле» және басқа да спектакльдерге, «Ана мен бала», «Біз Жетісуданбыз», «Алдар Көсе», «Арманым менің», «Партизан қызы» фильмдеріне музыка жазған.

Қазан төңкерісі, Халықтар достығы және «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.