5 қыркүйек. Туған күн иелері
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 5 қыркүйекке арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР

1886 жылы Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесіне түсіп, оны 1891 жылы бітіреді. Сол жылы Орынбор мұғалімдер мектебіне оқуға қабылданып, 1895 жылы Педагогикалық кеңесінің шешімімен «бастауыш училищенің оқытушысы» деген атақ беріледі. 1896-1901 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде ауылдық, болыстық мектепте, екі сыныптық училищеде оқытушылық қызмет атқарады. 1902-1904 ж.ж. Омбыда Торғай облысы Халықтық училище директорының іс жүргізуші лауазымын атқара жүріп, бұратана ұлтының санасын ояту мақсатында И.Крыловтың мысалдарын аударады. 1905 жылы қазақ оқығандарымен бірге Қоянды жәрмеңкесінде бас қосып, тарихта белгілі Қарқаралы құзырхатын (петициясын) жазады. 1905-1908 ж.ж. Қарқаралыдағы орыс-қазақ училищесінің оқытушысы әрі меңгерушісі болып, екі міндетті қатар атқарады. 1908 жылы саяси көзқарасы үшін Қарқаралы абақтысына қамалады. 1910 жылы 9-наурызда Орынборға жер аударылады. 1911 жылы «Маса» өлеңдер жинағы жарияланып, «Қырық мысал» кітабы екінші рет басылым көреді. Осы жылы «Айқап» журналында «Қазақ һәм түрлі мәселелер», «Қазақтың өкпесі», «Қазақ жерін алу турасындағы низамдар, бұйрықтар», «Закон жобасының баяндамасы», «Тағы да народный сот хақында», «Жер жайынан», «Жазу тәртібі», «Кітаптар жайынан», «Бастауыш мектеп» т.б. өзекті мақалалары жарияланады. 1912 жылы Қазақ әліпбиін (төте) түрлеп, қолданысқа ұсынады. Осы жылы «Оқу құралы» қазақша әліппесінің бірінші кітабы шығады. «Айқап» журналында «Қазақ жерін алу турасындағы низам», «Шәйзіман мырзаға», «Қазақ һәм төртінші Дума» мақалалары жарияланады. «Шора» журналында «Қазақша сөз жазушыларға», «Қазақ» газетінде «Көшпелі һәм отырықшы норма», «Шаруа жайынан», «Жер жалдау жайынан», «Земство», «Білім жарысы», «Оқу жайы» т.б. келелі мақалалары басылады. 1913-1918 ж.ж. қырғыз атанған жұртының атауын қайта жаңғыртып, «Қазақ» газетін шығарды. Газеттің ұйымдастырушысы әрі бас сарапшысы қызметін атқарады.
«Қазақ» газеті либералдық-демократиялық бағыттағы идеяларды білдірді. Тұтас алғанда қазақ өлкесінің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірінің дамуымен таныстыра білген «Қазақ» газеті «Алаш» партиясының дауысына айналды. Осы тұста әлеуметтік ахуалды баяндаған цензура көтермейтін мақалалар жариялағаны үшін әкімшілік А.Байтұрсыновқа бірнеше мәрте (1914-1915) айыппұл төлетеді, кейіннен абақтыға қамайды.
1918-1919 жылдары Байтұрсынов «Алаш» партиясының жетекшісі, «Алашорда» үкіметінің жетекшілерінің бірі әрі оқулықтар жазу жөніндегі Комиссиясының құрамында қызмет етеді. 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында І-ші жалпықазақтың съезде Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов «Тәуелсіз автономия» құру идеясын ұсынды. І-ші жалпықазақтың съездің қортындасында «Алаш» ұлттық саяси партиясы құрылды.
А.Байтұрсынов 1920-1922 жылдары Өлкелік Халық Комиссариаты жанындағы Академиялық Орталықтың төрағасы қызметін атқарады. Халық ағарту комиссиариаты жанынан құрылған Академиялық орталықтың (Академцентр) тұңғыш төрағасы ретінде Қазақ елінің ғылымын академиялық жолмен басқаруды ұйымдастырудың негізін қалады. 1922-1925 ж.ж. Қазақ Халық ағарту Комиссариаты жанындагы Ғылыми- әдеби комиссиясының төрағасы, Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының құрметті төрағасы болады. 1925-1928 ж.ж. Қазақ елінің екінші астанасы болған Қызылорда қаласында тұрады, әрі ұлт жұмысының көшбасында болады. 1928 жылы қыркүйекте Алматы Қазақ мемлекеттік университетіне профессор лауазымымен қызметке кіреді.
1931 жылы РСФСР қылмысты істер кодексінің 58-бабының ең ауыр тармағы бойынша ату жазасына кесіледі, бірақ үкім қайта қаралып, 10 жылға бас бостандығынан айырылып, екінші рет жер аударылады. 1931-1933 ж.ж. Беломор-Каналда айдауда болады. Жыл соңында Ресейдің Кривошеин ауданына қарасты Жуково елді мекеніне тұрақтауға рұқсат алып, осында әйелімен жылға жуық тұрады. Осы жылы 28-қаңтарда жерлестері «Сарыарқа самалы» басылымында «Жауға түскен жан сөзі», «Қарқаралы қаласына», «Жұртыма» өлеңдерін жариялайды. 1934 жылы «Қызыл крест» қоғамының араласуымен түрмеден босатылып, Алматыға келеді. Осы жылы «Қазақ тілі грамматикасының тарихы» атты ғылыми еңбек жазуды бастайды. 1934 жылы 16-желтоқсанда Орталық мұражайға кеңесшілік жүмысқа тұрады, мұнда 1936 жылдың 21-кыркүйегіне дейін істейді. Ахмет Байтұрсынов 1937 жылы қуғын-сүргіннің жаңа толқынына ілігіп, 1937 жылы 8 желтоқсанда атылды.

Мұхамеджановтың қазақ ән өнерінде Абай өлеңдеріне жазылған «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да», «Өзгеге көңілім тоярсың», «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы», «Ғашықтың тілі - тілсіз тіл» атты әндері ерекше дараланды. Шуақты лиризмге тұнған «Көктем вальсі», «Сырлы қайың», «Шолпаным», «Тербеледі тың дала», «Жарқырайды Теміртаудың оттары», «Еңбек әні», «Жастар маршы», тағы басқа балалық шақ, жастық шақ, бейбітшілік, еңбекті жыр еткен көптеген әндері мен романстары ел арасында кеңінен танымал.

Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, Қазақстан Ғылым академиясының тарих және этнология институтының аспирантурасын бітірген. 150-ден астам ғылыми және ғылыми-көпшілік жұмыстардың авторы. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейін 1999 жылдың наурыз айынан бастап басқарып келеді. Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, белгілі этнолог-ғалым, 150-ден астам ғылыми және ғылыми-көпшілік жарияланымдардың авторы. Оның ғылыми жетекшілігімен 10 ғылым кандидаты даярланды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен, «Құрмет» Орденімен», ТЮРКСОЙ Халықаралық ұйымының алтын медалімен де марапатталған.

Жамбыл облысында туған. 1980 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтын, 1989 жылы Республикалық агроөнеркәсіптік кешенді басқару мектебін, 2007 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолы: 1973-1974 жылдары – Коммунистік колхозында слесарь-жөндеуші. 1975-1980 жылдары Қазақ ауыл шаруашылығы институтында оқыды. 1980-1986 жылдары – астық қырманның меңгерушісі, қант қызылшасы агрономы, өсімдіктерді қорғау агрономы, спорт нұсқаушысы. 1986-1988 жылдары – Коммунистік колхозының Кәсіподақ комитетінің төрағасы. 1988-1994 жылдары – Коммунистік колхозының өндірістік учаскесінің бригадирі. 1994-1997 жылдары – Коммунистік ұжымшар басқармасының төрағасы. 1997-1999 жылдары – Қордай аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры. 1999 - 2004 жылдары – «Қордайгаз»ЖШС-і директоры. 2004-2006 жылдары – Қызылорда газ шаруашылығы басқармасының бас инженері. 2006 - 2008 жылдары – «АГС-Сервис» ЖШС «ҚазТрансГаз Алматы»АҚ, бас инженері. 2008 - 2015 жылдары – «ҚазТрансГаз Алматы» АҚ өндірістік-техникалық департаменті директорының орынбасары. 2016-2021 жылдары-Сортөбе ауылдық округінің әкімі.
Қазіргі қызметінде 2021 жылдың қаңтар айынан бері.

Оңтүстік Қазақстан облысы Қызылқұм ауданы «Темір» совхозында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (1986) бітірген. Тарихшы, шетел тілінде оқытатын тарих пәнінің оқытушысы. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (1998), заңгер.
Еңбек жолы: 1986-1993 жылдары – Алматы сәулет-құрылысинститутында ассистент, тағылымдамашы; 1993-1999 жылдары - «Яшар холдинг» компаниясының өңірлік менеджері; 1999-2005 жылдары – «Алматыжарнама» директоры; 2005-2006 жылдары – «Асар» республикалық партиясы хатшысының орынбасары, хатшысы; 2006-2008 жылдары - «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты басшысының орынбасары. 2008 жылғы наурыз-қараша - «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының хатшысы, 2008-2013 жылдары - «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты жетекшісінің орынбасары, 2013-2014 жылдары – «Бірінші арна «Еуразия» ЖШС бас директорының орынбасары, 2014-2016 жылдары - «Нур Отан» партиясының ҚР Парламенті Мәжілісіндегі фракциясы аппаратының жетекшісі. 2016-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі VI шақырылымының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы.
Қазіргі қызметінде 2021 жылдың қаңтар айынан бері.

Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң экономика факультетiн «Мемлекеттiк және жергiлiктi басқару» мамандығы бойынша тамамдаған. Бредфорд университетiн (Ұлы Британия) «Мемлекеттiк саясат» мамандығы бойынша, Халықаралық бизнес академиясы, корпоративтік менеджмент; Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебі, «қалаларды дамыту» мамандығы бойынша МВА дәрежесіне ие (Master of Business Administration) (2018).
Еңбек жолы: Бизнес құрылымдар мен үкiметтiк емес ұйымдарда жұмыс iстедi (2002-2007); «Самғау» ұлттық ғылыми-техникалық холдингінің активтерді басқару департаменті директорының орынбасары (2007-2008); Білім және ғылым министрінің көмекшісі, ҚР Білім және ғылым министрлігінің департамент директоры (2008-2010); Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратындағы басшылық лауазымдар (2010-2011); ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы (2011-2014); Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің кәсіпкерлікті, өнеркәсіпті, сыртқы экономикалық байланыстар мен туризмді дамыту мәселелері жөніндегі орынбасары (2014-2015); Алматы қаласы әкімінің орынбасары( 2015-2017); Алматы қаласы әкімінің орынбасары (2018-2019).
Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың қыркүйегінен бастап.