5 маусым. Тұлғалар туған күн
ЕСІМДЕР
5 4 жыл бұрын (1969) Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Бахрейн Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі. Ислам Ынтымақтастық Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі Берік Сақбайұлы АРЫН дүниеге келді.
Алматы облысында туған. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Филология» мамандығын, 2007 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетінің «Құқықтану» мамандығын тәмамдаған.
Еңбек жолын 1994 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Орта, Таяу Шығыс және Африка басқармасының референті лауазымынан бастады. 1994-1995 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Орта, Таяу Шығыс және Африка басқармасының атташесі лауазымын атқарды. 1996-2001 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы лауазымдарында жұмыс атқарды. 2001-2002 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Екіжақты ынтымақтастық департаментінің бөлім бастығы. 2002 жылдың наурызынан қыркүйегіне дейін – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінің бөлім бастығы. 2002-2006 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі. 2006-2007 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының бас инспекторы. 2007-2009 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі. 2009-2011 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппараты басшысының орынбасары. Осы қызметте Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің ұйымдастырушылық сұрақтарына жауапты болды. 2011 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2012 жылғы ақпаннан Араб Мемлекеттері Лигасы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілі, 2012 жылғы мамырдан Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі, 2015 жылғы сәуірден Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы, Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарды. 2016-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі, 2018-2019 жылдары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болған.
2019 жылдың наурызынан бастап қазіргі қызметінде.
2015 жылғы маусым айында ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі берілген. ТМД ПАА Құрмет Грамотасымен марапатталған.
5 2 жыл бұрын (1971) Қостанай облысының прокуроры Берік Рахатұлы ӘБІЛОВ дүниеге келді.
Талдықорған облысының Жаркент қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы Талдықорған қаласы прокуратурасында тағылымдамадан өтуші қызметінен бастаған.
Алматы қаласы прокуратурасының тергеушісі, аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі, Бас прокуратураның басқарма бастығы, қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары лауазымдарын атқарды. Қаржы полициясы органдарында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. 2018-2021 жж. Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының бірінші орынбасары лауазымын атқарды.
Қазіргі қызметінде – 2021 жылдың мамыр айынан бері.
5 1 жыл бұрын (1972) белгілі қазақстандық палуан, Әлем және Олимпиада ойындарының чемпионы Юрий Васильевич МЕЛЬНИЧЕНКО дүниеге келді.
Қырғызстанның Жалалабад қаласында туған. Қазақ спорт және туризм академиясын бітірген, жаттықтырушы-оқытушы.
Қазақстанның 7 дүркін чемпионы; Азияның 3 дүркін чемпионы (1995, 1996, 1997); Азия ойындарының чемпионы (Хиросима, 1994); Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Прага, 1995; Афины, 1999); 57 келіге дейінгі салмақтағы XXVI Олимпиада ойындардың чемпионы (Атланта, 1996); әлем чемионы (1994, 1997); жастар арасындағы әлем чемпионы (1990, 1991); грек-рим күресінен ҚР чемпионы (1994, 1995); ІІ Шығысазиялық ойындар чемпионы (1991); ІІ Орталықазиялық ойындар чемпионы (1997).
Бапкер ретінде XXVIII Олимпиадалық ойындардың күміс жүлдегері Георгий Цурцумияны тәрбиеледі.
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденімен марапатталған.