10:58, 08 Қаңтар 2024 | GMT +5
5 облыстағы республикалық жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді
5 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 15 учаскесінде автокөліктің барлық түрі үшін көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Kazinform «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.
Ақмола облысында – 4 учаске
- «Екатеринбург-Алматы» 1292-1353 км, Жібек жолы ААП – Қарағанды обл.шек. - 61 км.
- «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» 16-51 км, Қосшы қ.- Қарағанды обл. шек. - 35 км.
- «Астана-Петропавловск» 18-234 км, Астана қ.- Щучинск қ. - 216 км.
- «Астана-Ерейментау-Шідерті» 16-159 км, Астана қ.- Ерейментау қ.- 143 км.
Жетісу облысында - 1 учаске
- «Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст. – Достық ст – 100 км.
Қарағанды облысында – 7 учаске
- «Екатеринбург-Алматы» 1505-1854 км, Новостройка а.- Балқаш қ.– 349 км.
- «Қалкаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» 231-324 км, Павлодар обл. шек.- Ботақара а.- 93 км.
- «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» 17-217 км, Қарағанды қ.- Қарқаралы қ.– 200 км.
- «Қызылорда-Павлодар» 970-1135 км, Қарағанды қ.- Павлодар обл. шек. – 165 км.
- «Қызылорда-Павлодар» 788-906 км, Ұлытау обл. шек. – Топар а. – 118 км.
- «Екатеринбург-Алматы» 1353-1426 км, Ақмола обл. шек.- Темиртау ААП - 73 км.
- «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» 51-266 км, Ақмола обл. шек.- Теміртау қ.- 215 км.
Павлодар облысында – 2 учаске
- «Қызылорда-Павлодар» 1135-1206 км, Қарағанды обл. шек.- Шідерті а. – 71 км.
- «Қалкаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» 137-231 км, Баянауыл а.- Қарағанды обл. шек. – 94 км.
Ұлытау облысында – 1 учаске
1.«Қызылорда-Павлодар» 756-788 км, Жанаарқа а.- Қарағанды обл. шек. – 32 км.
Қазір республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 333 бірлік техника және 485 адам жұмылдырылды.