50 мың шаршы метр жерге орналасқан 4 қабатты ғимарат - «Ақтау» ойын - сауық орталығы 3000 адамға жұмыс орнын ашты

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жаңадан ашылған нысан пайдалануға берілгеніне 1 ай толмай-ақ 3 мың адамға жаңа жұмыс орындарын ұсынды.
Ерекше үлгіде салынып, заманауи технологиялармен жабдықталған «Ақтау» ойын-сауық орталығының 30 мың шаршы метрін киім саудасы нүктелері иеленсе, 20 мың шаршы метр спорттық нысандарға арналған.
Мұнда әдеттегідей гипермаркеттер мен сауда бөлмелері, тұрмыстық техникалар дүкенімен қатар, кинотеатр, мейрамханалар мен балалар орталығы секілді демалу, көңіл көтеру орындары қызмет етеді.
Тұрғындар үшін ең қызықтысы - боулинг, бильярд, бокс, волейбол, баскетбол, спорттық би, тренажер залдары мен жүзу бассейіні, мұз айдыны, теннис корты, VIP сауна, «Ақсай Нан-Ақтау» цехы өз қызметтерін ұсынуда.
Сондай-ақ 550 жер үсті, 300 орындық жер асты автотұрақ пен Халықаралық әуесқой жүзу Федерациясының стандарттарына сай 8 тармақты, 210 көрермен орыны бар жүзу бассейіні әлем чемпионатын өткізуге мүмкіндік береді.
Мұз айдынын салу бойынша Еуропа көшбасшысы австриялық әйгілі AST компаниясының жетекшілігімен салынған сырғанақ айдынының көлемі 30х17 шаршы метр.
«Ақтау» сауда ойын сауық орталығы - сауда, ойын-сауық пен спортты біріктіріп, көп салалы қызмет көрсететін , ең үздік әлемдік брендтер жинақталған орталық.