Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

56 тонна құс етін жымқырған ұры ұсталды

АСТАНА. 27 маусым. ҚазАқпарат - Көліктегі ІІД криминалдық полиция қызметкерлері биылғы жылдың маусым айында Орал стансасындағы жүк вагонынан 17 миллион теңгеге жуық азық-түлік өнімін ұрлау фактісін анықтады.

56 тонна құс етін жымқырған ұры ұсталды

Бұл туралы бүгін өткен брифингте ІІМ-нің ресми өкілі Нұрділдә Ораз хабарлады.

«Орал-Ақтау» бағытымен жүретін вагон-термостан белгісіз біреулер түнгі уақытта шамамен 56 тонна тоңазытылған құс етін ұрлағаны белгілі болды. Жедел іс-шаралар кезінде Атырау қаласындағы ЖШС-лардың бірінен ұрланған өнімнің 31 тоннасы табылған. Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 36 жастағы Орал стансасындағы поездардың құрастырушысы ұсталды.

«Оның сыбайластарын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр», - дейді ресми өкіл.