57 вагон-цистернадағы мұнайды шетел асырмақ болған «Әлем Транс Ойл» ЖШС директоры қылмыстық жауапкершілікке тартылды

АСТАНА. 30 сәуір. ҚазАқпарат - Жалпы құны 139 млн. теңге болатын 57 вагон-цистернадағы мұнайды шетел асырмақ болған «Әлем Транс Ойл» ЖШС директоры қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі.
None
None

«Маңғыстау облысында «Әлем Транс Ойл» ЖШС директоры Н.Әбіш қасақана, мұнайды экспорттағанда есептелетін ренталық салықтан төлеуден жалтыру мақсатында, заңсыз жолмен, яғни жалған құжаттарды пайдалану арқылы өнім түрін «мұнайдың сұйық битум компоненті» деп өзгертіп көрсету арқылы жалпы құны 139 591 199 теңгені құрайтын 3 449,5 тонна мұнайды контрабандалық жолмен өткізбек болған», - делінген баспасөз хабарламасында.

Аталған азаматқа қатысты қылмыстық істі Маңғыстау облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті 2009 жылы ақпан айында «Строительный» стансысында 57 вагон-цистерна мұнаймен ұсталғаннан кейін қозғаған.

Ведомствоның атап өтуінше, сот шешімімен жалпы құны 139 млн. теңге болатын 57 вагон-цистернадағы мұнай мемлекет пайдасына өндірілді.

Соңғы жаңалықтар