6,5 млн тонна астықты экспортқа шығаруға мүмкіндігіміз бар – Асқар Мамин

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде егін жинау жұмыстары 95 пайызға жуық орындалды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Әлемдегі бидай жинау бойынша жағдай күрделі болып отыр. Өздеріңізге мәлім, ауа райының қолайсыз болуы – астық шығымының төмендеуіне ықпал етті. Қазақстанда дәнді дақылдар мен майлы дақылдарды жалпы жинауды 18 млн тоннаға, соның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды 16 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр», - деді Үкімет басшысы.

Оның атап өтуінше, бүгінгі күні егін жинау жұмыстары 95 пайызға жуық орындалды.

«Биылғы құрғақшылықтың салдарынан бидай көлемі азайса да, еліміздегі бидайға деген ішкі қажеттілік толық қамтамасыз етілді. 6-6,5 млн тоннаға жуық бидайды экспортқа шығаруға мүмкіндігіміз бар», - деді Асқар Мамин.


Соңғы жаңалықтар