6 мамыр. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР
АСТАНА. 6 мамыр. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2012 жылғы 6 мамырға арналған күнтізбесін ұсынады.
6 мамыр, ЖЕКСЕНБІ
АҚШ-тың Ұлттық мейрамы - Мұғалімдер күні. Мамыр айының бірінші толық аптасындағы сейсенбі күні тойланады. Аталмыш күннің тарихы өз бастауын 1944 жылдан алады.
Мацзу Аспан Патшайымының мерекесі. Тянь-хоу Мацзу (Мацзу Аспан патшайымы) - ежелгі қытай мифологиясындағы теңіз құдайы. Оның мәдениеті Х-ХІ ғғ. дүниеге келді. Тянь-хоудың толқында, бұлтта немесе тақта отырғаны бейнеленген. Оның екі көмекшісі бар: біріншісінің қолы құлағына, ал екіншісінің қолы көзіне қойылған. Аңызда айтылғандай Мацзу 960 жылдары өмір сүрген, Линь деген балықшылар ауылының қызы болған, тоқымамен теңіз арқылы жүзе білген және бұлттармен аралдарды кесіп өтетін болған. Бүгінгі таңда Мацзу елдегі және шетелдегі қытайлықтарды байланыстырады. Орта есеппен алғанда, құдай анаға әлемнің түпкір-түпкірінен 200 миллионнан астам адамдар сыйынады.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
19 жыл бұрын (1993) Алматыда, Республикалық кино үйінде 1991-1993 жылдары жасалған фильмдердің байқауы өтті. Байқаудың қорытындысында Гран-при жүлдесі «Отырардың күйреуі» (режиссері А.Әмірқұлов) және «Сұржекей» (режиссері Д.Манабаев) фильмдеріне берілді.
17 жыл бұрын (1995) бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне және оларға тең адамдарға жеңілдік пен әлеуметтік көмек көрсету туралы» Жарлығы жарияланды.
14 жыл бұрын (1998) Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы - Ақмола қаласының атауы Астана қаласы болып өзгеріп, «Сарыарқа» және «Алматы» аудандары құрылды.
9 жыл бұрын (2003) Астанада Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың қатысуымен «Думан» ойын-сауық кешенінің ашылу салтанаты өтті.
6 жыл бұрын (2006) Ақмола облысының Степногорск қаласында аймақтық қоғамдық-саяси «Степногорск ақшамы» газетінің алғашқы саны жарық көрді.
19 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы мен Дания Корольдігі арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы Хаттамаға қол қойылды.
17 жыл бұрын (1995) 6-8 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Лондонда, Парижде және Мәскеуде өткен Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 50-жылдық мерейтойына арналған салтанатты рәсімдерге қатысты.
Елбасы мерекелік шараларға қатысу барысында Эдинбург және Уэльсский ханзадаларымен, Ұлыбританияның Премьер-министрі Дж.Мейджормен, Францияның Президенті Ж.Ширакпен, Германияның Федеральды канцлері Г.Кольмен, АҚШ-тың Вице-президенті А.Гормен, Иордания Королі Хусейнмен және басқа да мемлекеттердің басшыларымен кездесулер өткізді.
3 жыл бұрын (2009) Алматыда «Спира-Берга» ЖШС-ның жаңа полиэтилен тұрбалар зауыты іске қосылды.
«Спира-Берга» зауыты - қазіргі заманғы сумен жабдықтау, канализация және кабелді қорғайтын жүйелерге арналған полиэтилен тұрбаларының жоғары сапалы өндiрiсін оңтайлатқан Қазақстан аумағындағы алғашқы кәсiпорындардың бiрi.
Өнiм Cincinnati, Corma және Jweel дүниежүзілік өндiрушiлердің жабдығында шығарылады.
20 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы мен Дания Корольдігі арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы Хаттамаға қол қойылды.
17 жыл бұрын (1995) 6-8 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Лондонда, Парижде және Мәскеуде өткен Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 50-жылдық мерейтойына арналған салтанатты рәсімдерге қатысты.
Елбасы мерекелік шараларға қатысу барысында Эдинбург және Уэльсский ханзадаларымен, Ұлыбританияның Премьер-министрі Дж.Мейджормен, Францияның Президенті Ж.Ширакпен, Германияның Федеральды канцлері Г.Кольмен, АҚШ-тың Вице-президенті А.Гормен, Иордания Королі Хусейнмен және басқа да мемлекеттердің басшыларымен кездесулер өткізді.
ЕСІМДЕР
74 жыл бұрын (1938) жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың екі мәрте иегері ҚАУПЫНБАЙҰЛЫ Төлен дүниеге келді.
Алматы облысында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. 1965 жылдан «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Ауыл» газеттерінде, «Парасат», «Жұлдыз» журналдарында, «Жазушы» және «Қазақстан» баспаларында бөлім меңгерушісі болып істеген. Алғашқы туындылары 1956 жылдан бастап республикалық басылымдарда жариялана бастаған. Жазушының «Жазира», «Шұғыла», «Ашылмаған аралдар», «Кең құлаш», «Нан мен тер», «Бауыржан батырға барғанда» деп аталатын көркем очерктері мен эссе кітаптары, «Маруся асуы», «Бетегелі бел» атты әңгімелер мен повестер жинағы, «Қабан жырау», «Бабалар аманаты», «Албан», «Суарылған семсерлер», «Батыр баба Әлмерек» деп аталатын тарихи тақырыптағы кітаптары, «Киелі керуен», «Аққу саздары», «Қыран тағдыр», «Тұлға» атты роман, повестері жарық көрген.
49 жыл бұрын (1963) ҚР Президенті телерадио кешенінің бас директоры, Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының академигі, Ресей және Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, «Жылдың үздік журналисі» номинациясы бойынша «Алтын Жұлдыз» сыйлығының лауреаты БЕКХОЖИН Ерлан Қалижанұлы дүниеге келді.
Шымкент қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, Орталық Азия университетін бітірген. 1994-1997 жылдары - «Хабар» агенттігі ақпараттық бағдарламасының жүргізушісі, «Жеті күн» ақпараттық бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі. 1998-2003 жылдары - Қазақстан Республикасындағы «Мир» халықаралық телерадио компаниясының директоры. 2003 жылғы желтоқсаннан «Литер-Медиа» ЖШС бас директоры, «Литер» және «Айқын» газеттері редакциялық кеңестерінің төрағасы.
«Құрмет» орденімен марапатталған.
132 жыл бұрын (1880-1959) биолог-ғалым ЧЕТВЕРИКОВ Сергей Сергеевич дүниеге келді.
Мәскеу қаласында туған. Мәскеу университетін бітірген.
Негізгі еңбектері генетика, эволюция теориясы және энтомология мәселелеріне арналған. Генетикалық процестердің және оқшауланудың пайда болуы мен эволюциясындағы маңызын көрсетті. Дарвин ілімі мен генетика арасын байланыстырып, популяциялық генетика негізін құрды.
«Құрмет белгісі» орденімен, Германия табиғат зерттеушілер академиясының «Дарвин планшеті» медалімен және басқа медальдармен марапатталған.
102 жыл бұрын (1910-1977) ғалым зоолог-ихтиолог, КСРО Ғылым Академиясының коореспондент мүшесі, профессор, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты НИКОЛЬСКИЙ Георгий Васильевич дүниеге келді.
Мәскеу қаласында туған. Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.
«Вопросы ихтиологии» журналын алғаш ұйымдастырушы және бас редакторы болған.
Ол балықтардың экологиясы, биогеографиясы және балық шаруашылығының биологиялық негізі туралы көптеген ғылыми зерттеулер жүргізді. Никольский КСРО-ның, оның ішінде Қазақстан су айдындарының, әсіресе Арал теңізі балықтарының биологиясын зерттеген.
Ленин орденімен, үш орденмен және медальдармен марапатталған.
116 жыл бұрын (1896-1927) халық әншісі, композитор ШАМСУТДИНОВА Майра Уәлиқызы дүниеге келді.
Қазіргі Павлодар қаласында туған. Қазақ даласына кең танылған әнші Майра жасынан гармон тартып, ән салған. Кереку, Баянауыл, Семей аймақтарындағы жәрмеңке, той-думандарда өнер көрсетіп, есімі елге танылған. Оның репертуарында «Ах-ау Семей», «Гауһартас», «Ертіс», «Сәулем-ай», «Мақпал», т.б. халық әндері болды. А.Затаеевич Майраның орындауында «Мақпал», «Көкмайса», «Қаракөз», «Баянауыл», «Телқоңыр», «Алқарағай көк», «Даланың әні», «Хұсни құрдас», «Смет» әндерін жазып алып, нотаға түсріген. Ол өз жанынан «Майра», «Қызыл гүл», «Өкшесі етігімнің айнала жез», «Бақша» әндерін шығарған. Майра Арқаның әншілік дәстүрін ілгері дамытты. Ол әншілік өнерді кәсіби дәрежеде меңгеріп, өзіндік нақышпен сырнайға қосылып айтқан. Әнші қазақ әндерімен қатар татар, орыс әндерін де нақышына келтіре орындаған. Оның әндерін Е.Брусиловский «Қыз Жібек» операсында, А.Зильбер «Қайта туған Қазақстан» симфониясында, Б.Байқадамов «Майра» хор капелласында пайдаланды. Ә.Тәжібаев «Майра» атты пьеса және поэма жазды. Бүгінде Майраның 20-ға тарта әні белгілі. Сонымен қатар жыл сайын Майра Уәлиқызы атындағы республикалық әнші-сазгерлер байқауы өтіп тұрады.
76 жыл бұрын (1936) жазушы, композитор, өнер зерттеушісі, Қазақстанның және Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтың лауреаты ЖАҚАНОВ Ілия дүниеге келді.
Жамбыл облысының Сарысу ауданында туған. Қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 1959-1963 жылдары - «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газеті әдебиет және өнер бөлімнің меңгерушісі. 1963-1984 жылдары - Қазақстан теледидар және радиохабарлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің редакторы, аға редакторы, Қазақ радиосы музыка редакциясының бас редакторы. 1984 жылдан бастап бірыңғай шығармашылық жұмыспен айналысады. Алғаш рет оқырмандарына «Қайта оралған ән», «Хош бол, вальс» кітаптары арқылы танылған. Қазақтың ұлы күйші, қобызшысы Ықылас туралы романы «Кертологоо» деген атпен алғаш рет қырғыз тілінде, кейін «Ықылас» деген атпен қазақ тілінде жарық көрді. Оның қазақ өнері қайраткерлерінің өмірін зерттеу негізінде «Екі жирен», «Бірінші концерт», «Махаббат вальсі», «Аққулар қонған айдын көл» атты деректі жинақтары, содай-ақ «Қарабура» тарихи-танымдық шығармалары, «Әселім әнім», «Даниярдың әні», «Еділ мен Жайық», т.б. халық арасына кеңінен танылған әндері бар. Қырғыз жазушысы Т.Қасымбековтың «Сынған қылыш» дилогиясын қазақ тіліне аударған. «Біржан сал», «Ақан сері», «Үкілі Ыбырай», «Естай әнші», «Жаяу Мұса», «Мәди», «Майра», «Балуан Шолақ», т.б. сал-серілер ғұмырнамалары, М.Төлебаев, Л.Хамиди, Б.Байқадамов, Қ.Мусиндердің шығармашылық портреттерін сомдаған туындылары мен «Шоқан және музыка», «Жамбыл және музыка», «Сәкен және музыка» атты деректі фильмдері бар.
63 жыл бұрын (1949) айтыс ақыны, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері ҚЫДЫРНИЯЗОВА Шолпан Батырқызы дүниеге келді.
Батыс Қазақстан облысында туылған. Орал педагогикалық институтын бітірген. Қаратөбе аудандық «Еңбек туы» газетінде әдеби қызметкер, Қаратөбе аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс жасады. 1992-1993 жылдары - Қаратөбе аудандық әкімшілігі әкімінің орынбасары. 1993-2002 жылдары - «Қазақгаз» ҰК, «Батысгаз», «Тахат» маманы. 2002-2004 жылдары - Орал қалалық мәдениет бөлімінің, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының маманы. 2004 жылғы наурыздан Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастғы. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты болды. Қазіргі кезде құрметті демалыста.
61 жыл бұрын (1951) Олимпиада чемпионы ҮШКЕМПІРОВ Жақсылық дүниеге келді.
Семей зооветеринарлық институтын және Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтын біітірген. Қазақ спорт және туризм академиясының құрметті профессоры.
1984 жылдан «Қайрат» ЕСҚ республикалық күрес мектебінің директоры. 1991 - жылдан Қытайда құрама команда жаттықтырушысы. 1993 жылдан спорттағы қоғамдық жұмыста және бизнесте.
Классикалық күрестен КСРО чемпионы; Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері; Мәскеудегі Олимпиадалық ойындардың чемпионы; әлем чемпионы (Осло, 1981); Әлем кубогының иегері (1982). Грек-рим күресінен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы. КСРО және ҚР еңбек сіңірген спорт шебері.