6 маусым. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 6 маусымда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
None
None

ЕСІМДЕР

86 жыл бұрын (1936) белгілі суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Тұрсын ӘБУОВ дүниеге келді.

Алматы облысының Іле ауданында дүниеге келген. 1966 жылы Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет улищесін, 1976 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірді.

Әбуов Тұрсынның кескіндемеші ретінде шығармашылық қалыптасуы өте бір қызғылықты заман – өткен ғасырдың 60-шы жылдарының аяғына сай келді. 70-ші жылдардағы ең үздік жұмыстары деп Ә.Қастеев атындағы МӨМ қорында сақтаулы тұрған «Көктемгі Алатау», «Гүлдер», «Көне ыдыс-аяқ», «Іле», «Шатқал», «Тау бағбаны» деген еңбектерін айтуға болады. Т.Бигелдиновтың портреті Мәскеуде Қарулы күштер мұражайында сақтаулы тұр. 80-90-шы жылдары Т. Әбуов кең түрдегі тақырыптық серияларға, «Іле тұқым шаруашылығы триптихы», «Қазақстан триптихы. Тың», «Абай халық арасында» (1984), «Қиын жылдар», «Мейрамдар» (1987), «Көлсай» мен «Өмір өткелдері» триптихтері (Н.Ә.Назарбаевты жеке топтама қорында) сияқты көпфигуралы композицияларға көбірек ден қоя бастайды, оның ішінде «Өмір-Өзен» атты триптихы айрықша. Бұл мазмұны жағынан да, көлемі жағынан да (биіктігі 170 см, ұзындығы 23 м) көлемді картиналардың бірі. Суретші өз тағдырының белестері арқылы туған жерінің көріністерін, ұлттық дәстүрлерді көрсетеді.

50 жыл бұрын (1972) Қостанай облысының әкімі Архимед Бегежанұлы МҰХАМБЕТОВ дүниеге келді.

Ақтөбе облысында туған. Самара мемлекеттік техникалық университеті мен Қазақстан-Ресей халықаралық университетін бітірген. Мамандығы бойынша инженер-электрик, қаржы бакалавры. Еңбек жолын Ақтөбе қаласының коммерциялық құрылымдарында бастаған. Ақтөбе облысының сыртқы экономикалық байланыс және инвестициялар басқармасының бастығы, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік директоры, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары, Ақтөбе қаласының әкімі қызметтерін атқарды. 2011 жылғы 22 шілдеден 2015 жылға дейін Ақтөбе облысының әкімі болды.

2015 жылғы 11 қыркүйекте Қостанай облысының әкімі болып тағайындалды.

45 жыл бұрын (1977) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Данияр Валерьевич ВАГАПОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 1999 жылғы сәуірден желтоқсанға дейін – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Заң қызметі департаментінің Заңнаманы құқықтық сараптау, кодтау және жүйелеу басқармасының жетекші маманы. 1999 жылдан 2000 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаменті Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету басқармасының Заңнаманы талдау бөлімінің бас маманы. 2000 жылдан 2001 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Заң қызметі департаменті Құқықтық сараптама, заңнаманы жүйелеу және құқықтық жалпыға міндетті оқу басқармасының құқықтық сараптама бөлімінің бастығы. 2001 жылдан 2002 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің консультанты. 2002 жылдан 2003 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесі Заң бөлімінің азаматтық және шаруашылық заңнама секторының меңгерушісі. 2003 жылдан 2006 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Заң қызметі департаментінің директоры. 2006 жылдан 2007 жылға дейін коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеген. 2007 жылдан 2008 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі өкілдігі басшысының орынбасары. 2008 жылдан 2013 жылғы қыркүйекке дейін – «Нұр Отан» ХДП Заң басқармасының басшысы, «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты басшысының орынбасары. 2013 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Сауда комитетінің төрағасы. 2014 жылғы тамыздан бастап 2018 жылғы мамырға дейін – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы. 2018-2020 жылдары Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды,

2020 жылдың маусымынан бастап қазіргі қызметінде.



Соңғы жаңалықтар