6 СӘУІР . ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 6 сәуірге арналған күнтізбесін ұсынады.

6 СӘУІР . ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

6 СӘУІР, ЖЕКСЕНБІ

Таиландтың мемлекеттік мейрамы - Чакри күні. Чакри династиясының негізін қалаушы - Рама I құрметіне жыл сайын атап өтіледі.

Оңтүстік Африка Республикасының негізін қалаушылар күні.

Ресейде тергеу органдары қызметкерлерінің күні. 1963 жылғы сәуірдің 6-да КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен бастапқы тергеу құқығын КСРО Қоғамдағы тәртіпті қорғау министрлігіне тапсырылды. Кейін КСРО Ішкі істер министрлігі болып өзгертілді. Бұл Жарлық Ресей Федерациясы ішкі істер органдары тергеу аппараты ресми қызметінің бастапқысы болды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1 9 жыл бұрын (1995) Қарағанды қаласындағы Ленин көшесі бойындағы ғалым Ебіней Бөкетов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.

1 5 жыл бұрын (1999) Алматы облысы Көксу ауданының Балпық би кентінде батыр, шешен, би Балпыққа ескерткіш орнатылды

9 жыл бұрын (2005) Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы студенттері түсірген «Екі кішкентай шұжық» атты балалар фильмі Фридрих Вильхем Мюрнау атындағы жүлдені жеңіп алды.

Күшікке тамақ табу үшін бір кішкентай баланың ақша ұрлауы жайында түсірілген фильмге, аталмыш оқу орнының студенттері Әсет Иманғалиев пен Мәлік Беделбеков және танымал әртіс Ғазиза Әбденәбиева, сондай-ақ бірқатар қазақстандық және германиялық жастар қатысып, оған неміс режиссері Файт Хельмер режиссерлік етті.

8 жыл бұрын (2006) «Эйр Астана» авиакомпаниясы Алматы-Қарағанды-Алматы бағыты бойынша тікелей рейс ашты.

7 жыл бұрын (2007) Қазақстан Республикасының Ұлттық Кітапханасында академик Асқар Жұмаділдаевтің бүлдіршіндерге арналып жазылған танымдық-математикалық кітапшаларының таныстырылымы болды.

Кітаптағы математикалық терминдер мен есептер қазақ тілінде тақпақ және халық ертегілерінің кейіпкерлері арқылы балаларға жеткізілген.

5 жыл бұрын (2009) Қазақстанның танымал жазушысы Дүкенбай Досжанның «Мен өлгенде» деген кітабы жарық көрді.

Кітапқа жазушының әр кезеңдегі жазылған «Қымыз», «Жел Арыстан жалы», «Жас келіншектің асуы», «Ақыл базарда сатылмайды», «Кішкентай Ягимус» және басқа да әңгімелері кірді.

4 жыл бұрын (2010) Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Сталиндік кезеңдегі Қазақстандық бірінші басшылар» деп аталатын туындының тұсаукесер рәсімі өтті.

Аталмыш кітаптың авторлары тарих ғылымдарының докторлары мен профессорлары Владислав Григорьев пен Ләйла Ахметова. Шығармада Сталин кезеңіндегі Қазақстанның бірінші тұлғалары туралы тарихшылар мен саясаткерлердің ой-толғанысы берілген. Әр бөлім, әр саясаткердің қызмет жолына арналған. Сондықтан бұл кітап саяси тарих жанрына жатқызылып отыр.

«Кітап 1924-1953 жылдарды қамтыған, сталиндік кезеңде Қазақстанды басқарған Филипп Голошекин, Левон Мирзоян, Николай Скворцов, Жұмабай Шаяхметов туралы көптеген мағлұматтарымен құнды. Ғылыми еңбек студенттерге, педагогтарға, журналистерге, саясаткерлерге, әлеуметтанушыларға және ХХ ғасыр тарихы мәселелері қызықтыратын оқырмандарға арналған.

11 8 жыл бұрын (1896) сәуірдің 6-ы мен 15-і аралығында, Афинада қазіргі Олимпиада ойындары тұңғыш рет өтті.

ЕСІМДЕР

7 6 жыл бұрын (1938-2003) техника ғылымының докторы, профессор, Нью-Йорк ғылым академиясының мүшесі, А.Эйнштейн атындағы Халықаралық энергетика академиясының академигі ӘЛІМЖАНОВ Мұратбек Тұрлыбекұлы дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1961-1999 жылдары Қазақстан Ғылым академиясы Математика және механика, Механика және машинатану институттарының инженері, кіші, аға ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1999-2000 жылдары - Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының кафедра меңгерушісі. 2000 жылдан өмірінің соңына дейін Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің кафедра меңгерушісі болған. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері кен жыныстарының механикасы мен кеңістіктегі денелердің орнықтылық теориясы мәселелеріне арналған. Оның 260-тан астам ғылыми еңбектері, оның ішінде 3 монографиясы жарық көрген. Профессордың жетекшілігімен 30 ғылым кандидаты және 9 докторы диссертация қорғаған. Ол 1993 жылы жер асты құрылыстары мәселелерін зерттеуге арналған еңбектері үшін Дж.Сорос қорының сыйлығын алып, көрнекті ғалымдарға берілетін Мемлекеттік ғылыми стипендияның екі дүркін иегері атанған.

6 8 жыл бұрын (1946) дирижер, Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрінің дирижері ТЕМІРҒАЛИЕВ Жамағат Хафизұлы дүниеге келді.

Алматы облысының Сарқанд қаласында туған. Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік консерваториясының халық аспаптар факультетін бітірген (1972), оркестр дирижері, оркестрдің солисі, педагог. Оның басшылығымен оркестр халық музыкасының, халық композиторларының көптеген бірегей туындылары мен ыңғайланған нұқсаларын орындады. қазақ және орыс тілдерін біледі. 1963 жылдан - Алматы облысы Сарқанд ауданының Абай атындағы ОМ ән мұғалімі. 1965 жылдан - Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік консерваториясының студенті. 1972 жылдан - Құрманғазы атындағы оркестрдің әртісі. 1976 жылдан - П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесінің бөлімше меңгерушісі. 1981 жылдан-Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының аға оқытушысы. 1986 жылдан - «Отырар сазы» оркестрінің дирижері. 1990 жылдан - Талдықорған облыстық филармониясының М. Төлебаев атындағы оркестрінің бас дирижері. 1997 жылдан - Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының бас дирижері. 2002 жылдан бері - Н. Тілендиев атындағы Фольклорлық-этнографиялық оркестрдің дирижері, бас дирижері. Қазақстан Республикасы Еңбек сіңірген қызметкері (1996). Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2000).

5 9 жыл бұрын (1955) Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының әкімі МҰХТАРХАНОВ Әнуарбек Мұхтарханұлы дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданының, Ақжар ауылында тұған. 1973-1975 жылдары әскери қатарында Совет Армиясының Чехословакиядағы Орталық әскери тобында болды. 1980 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтын, ғалым агроном мамандығы бойынша бітірген. 2006 жылы Алматының экономика және статистика академиясын «Қаржы» мамандығы бойынша бітіріп, Бакалавр академиялық атағын алған. 1980-1981 жылдары Шығыс Қазақстан облысы, Күршім аудандық өсімдіктерді қорғау станциясының бастығы болып жұмыс істеді. 1981 -1986 жылдары аралығында Мұхтарханов Ә.М. Күршім аудандық комсомол комитетінің, комсомол ұйымдарының бөлім меңгерушісі, Күршім аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарды. 1986-1987 жылдары Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданының «Высокогорский» совхозының бас агрономы,1987-1989 жылдары Күршім аудандық агроөнеркәсіп кешені жұмысшыларының кәсіподақ комитетінің төрағасы, ал 1989 жылдың қараша айында Шығыс Қазақстан облыстық агроөнеркәсіп кешені жұмысшыларының кәсіподақ Комитетінің хатшысы болып сайланды. 1992 жылдың мамыр айынан 1994 жылдың сәуіріне дейін Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігінің ұйымдастыру-инспекторлық және кадр жұмыстары бөлімінің бас маманы, бас инспекторы қызметтерін атқарған. 1994-1996 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық депутаттар кеңесі-мәслихатының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, 1995 жылдың қыркүйек айынан Шығыс Қазақстан облыстық агроөнеркәсіп кешені жұмысшыларының кәсіподақ Комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді 1997-1998 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің жанындағы тәртіптік Кеңесінің инспекторы. 1998- 2003 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, ұйымдастыру-инспекторлық, кадрлық жұмыстары және аумақтық даму бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2003 жылдың қантар айынан Курчатов қаласының әкімі, ал 2007 жылдан 2010 жылдың шілде айына дейін Зайсан ауданының әкімі қызметтерін атқарды. 2010 жылдың 16 шілдесінде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Ә.М.Мұхтарханов Аягөз ауданының әкімі болып тағайындалды.

5 9 жыл бұрын (1955) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Аппарат басшысы ОҚАСОВСейтқажы Қажыкенұлы дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында туған. Алматы энергетикалық институтын бітірген.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Терроризмге қарсы орталықтың басшысы қызметін атқарған. Аталған қызметінде - 2008 жылдан.

5 6 жыл бұрын (1958) «KEGOC».АҚ филиалдармен жұмыс жөніндегі басқарушы директоры АҚМУРЗИН Абат Аманұлы дүниеге келді.

Қостанай облысында туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, Рудный мемлекеттік индустриалдық институтын бітірген, инженер-электрик, экономист-менеджер.

1980 жылдан бастап электр желілері кәсіпорындарында мамандығы бойынша жауапты жұмыстар атқарды. 2000 жылдан «Ақтөбеэнерго» АҚ вице-президенті «KEGOC» АҚ «Батыс МЭС» филиалының директоры, «Ақтөбе МЭС» филиалының директоры, «Сарыбай МЭС» филиалының директоры. 2007 жылдан «KEGOC» АҚ өндіріс жөніндегі вице-президенті. 2009 жылдан «KEGOC» АҚ Ақмола, Алматы МЭС филиалдарының директоры. Қазіргі қызметінде - 2010 жылғы шілдеден бері.

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медалімен, ҚР Құрмет грамотасымен марапаттаған. ТМД еңбек сіңірген энергетигі.

5 5 жыл бұрын (1959) суретші және этнограф-қарутанушы АХМЕТЖАН Қалиолла Саматұлы дүниеге келді.

1949 жылы 6 сәуірде Ақмола облысы Алексеевка ауданы Өрнек ауылында туған. И.Е.Репин атындағы сәулет және мүсін, кескіндеме институтының кескіндеме факультетін бітірген, (1977), кескіндемеші-суретші.Тарих ғылымдарының кандидаты (2003). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қазақтың дәстүрлі жасақтары:генезис, құрылым, ұлттық мәдени қызметі (тарихи-экологиялық зерттеу)». «Жараған темір кигендер (батырлардың қару-жарағы,әскери өнері, салт-дәстүрлері)» (1996) монографиясының, сонымен қатар 70-ден астам ғылыми, ғылыми-танымдық мақалалардың авторы.

Суретші және этнограф-қару-жарақ зерттеушісі. Қазақтардың дәстүрлі қарулану шежіресі бойынша білікті маман. Ең белгілі жұмыстарының бірі - «Қырау».

Чехословакия, Эстония, Оңтүстік Корея, Германия көрмелерінде жұмыстары көрсетілген. 1995 жылы - Кино үйі,1997 жылы - ҚР Орталық мемлекеттік мұражайында жеке көрме.

Кино үйінде (1995), ҚР Орталық мемлекеттік мұражайында (1997) жеке көрмелерін өткізген.

Жұмыстары Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының, ҚР Мемлекеттік орталық муражайының, ҚР Президенттік мәдени орталығының, Невзоров атындағы Семей өнер мұражайының қорларында; ҚР Президентінің резиденциясында, Кутаиси қаласының картиналар галереясында (Грузия), Қазақстан, Англия,АҚШ, Швеция, Пәкістан,Германия жеке коллекцияларында сақталуда.

1977 жылдан - Ө.Таңсықбаев атындағы Алматы көркемсурет колледжінің арнайы тәртіп оқытушысы. 1996-2000 жылдары - ҚР Мемлекеттік орталық мұражайының этнология бөлімінде аға ғылыми қызметкер. 1996-1998 жылдары - қосымша ҚР ҒА М.Әуезов атындағы Өнер және әдебиет институтының көркемөнер бөлімінде аға ғылыми қызметкер. 2000 жылдан - ҚР Президенті мәдени орталығы қалпына келтіру бөлімінің меңгерушісі (Астана қаласы).2004 жылдан бері - ҚР Президенттік мәдени орталығының кеңесшісі (Астана қаласы).

ҚР Суретшілер одағы хатшылығына сайланған. КСРО, ҚР Суретшілер одағының, ҚР Көркемөнер академиясының мүшесі. I «Жігер» Жастар шығармашылығы фестиваліне (1979),көптеген топтық, қалалық, республикалық және шетел көрмелеріне қатысқан.«Ана тілі» газеті сыйлығының лауреаты (1992). «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медалімен, ҚР Көркемөнер академиясының алтын медалімен (2006) марапатталған. Мәдениет қайраткері.

40 жыл бұрын (1974) ҚР Ұлттық банкінің Алматы қаласы қаржы орталығының қызметін реттеу комитеті төрағасының міндетін атқарушы НҰРПЕЙІСОВ Дархан Қадырбайұлы дүниеге келді.

Талдықорған қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін (1996); әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын (1999); Орталық Еуропа университетінің білім көтеру курстарын (Будапешт қаласы, Венгрия, 1996) бітірген; Франция Ұлттық магистратура мектебінде судьялар мен прокурорларды даярлау тәжірибесінен; «Chemonics International Inc.» корпорациясында (Вашингтон қаласы, 2006), Штреземанн институтында (Бонн қаласы, 2006), Халықаралық қылмыстық сотта (Гаага қаласы, 2006) тәжірибелерден өткен.

Заң ғылымдарының кандидаты (1999). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін қалыптастырудың конституциялық-құқықтық негіздері». Доцент.

«Мыңжылдықтар тоғысындағы егемен Қазақстан» (тең авторлықта, 2001), «Егемен Қазақстан: мемлекет, мемлекеттік билік және мемлекеттік егемендік мәселелері» (2002), «Ұлттық қауіпсіздік: құқықтық аспект» (2003), «Тәуелсіз Қазақстан - егемен мемлекет» (тең авторлықта, 2004), «Қазақстандағы жемқорлық: қарсы әрекетжолдары» (2006) кітаптарының; 70-тен астам ғылыми жарияланымның авторы.

1997 жылдан - «Қазкоммерцбанк» ААҚ заң кеңесшісі; «Серіктестер» заң фирмасының заң кеңесшісі, жетекші заңгері, корпоративтік реттеу және банкинг бөлімінің бастығы. 1999 жылдан - «Агроорталық» ЖШС заң басқармасы бастығының орынбасары. 1999-2002 жылдары - «Саят, Жолшы, Дархан және Бадо» заң фирмасының вице-президенті. 2000 жылдан - ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының аға, жетекші ғылыми қызметкері. 2001 жылдан - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мемлекеттік құқық теориясы мен тарихы кафедрасының доценті. 2002 жылдан - ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің білімін жетілдіру институтының конституциялық және әкімшіліктік құқық кафедрасының меңгерушісі. 2003 жылдан - «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот академиясы» МБ ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры. 2005 жылдан - «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» МБ Әділетті сот институты директорының орынбасары. 2005 жылдан - ҚР-дағы сот жүйесі бойынша USAID жобасының директоры, директорының орынбасары.

2006 жылдан бері - Алматы қаласындағы ҚР Аймақтық қаржылық орталығы қызметін реттеу агенттігі төрағасының орынбасары.

Еуропалық одақтың Қазақстанда соттарды оқытып-үйрету жөніндегі BISTRO жобасының үйлестірушісі (2003-2005). «Алматы қаласы аймақтық қаржылық орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (2007 жылдан).

Жас ғалым-заңгерлер арасындағы үздік ғылыми жұмысы үшін ҚР Білім министрлігінің 2 медалімен, дипломы мен марапатталған (1996). Жас талантты ғалым жастарға арналған 2002-2004 жылдары мемлекеттік ғылыми стипендияның (2002); құқықтанушы ғалымдар арасындағы үздік ғылыми жұмысы үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі сыйлығының (2005); гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жұмыстары үшін жас ғалымдарға арналған М. Әуезов атындағы сыйлықтың (2005) лауреаты. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын ұсынатын республикалық байқаудың жеңімпазы (2006).

20 4 жыл бұрын (1810-1888) ағылшын натуралисі, аквариум өнертапқышы Филипп Генри ГОССЕ дүниеге келді.

17 8 жыл бұрын (1836-1904) орыс хирургі, профессор СКЛИФОСОВСКИЙ Николай Васильевич дүниеге келді.

1 10 жыл бұрын (1904-1966) автомобиль конструкторы, Фольксваген қораптарының дизайнері Эрвин КОМЕНДА дүниеге келді.

5 1 жыл бұрын (1963) Эквадордың мемлекеттік және саяси қайраткері, 2006 жылдан Эквадор президенті Рафаэль Висенте КОРРЕА ДЕЛЬГАДО дүниеге келді.