21:02, 22 Ақпан 2016 | GMT +5
6 жасар баланы ұрлаған күдіктінің фотороботы жарияланды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері 6 жасар мектеп оқушысын іздестіруде.

2016 жылдың 20 ақпанында сағат 14:30 шамасында Ордабасы аудандық ішкі істер басқармасына 31 жастағы жергілікті тұрғын баласының жоғалғаны туралы арызданған.
Ордабасы ауданы, Амангелді ауылы, Серпіліс көшесі, №4 үйде тұратын, сол ауылдағы Ғ. Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебінің 1-сыныбында оқитын, 2009 жылы туылған Қамшыбек Мұхаммед Қазыбекұлы сағат 12:30 шамасында сабақтан шығып, үйіне келмеген, деп хабарлайды otyrar.kz.