6 желтоқсан. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2015 жылғы 6 желтоқсанға арналған күнтізбесін ұсынады.
None
None

6 желтоқсан. ЖЕКСЕНБІ

Қазақстан Республикасында прокуратура органдарының құрылған күні

1991 жылы 6 желтоқсанда «Қазақ КСР прокуратурасы органдарының бірыңғай жүйесін құру, олардың еркіндігін және тәуелсіздігін қамтамасыз ету туралы» қаулысы қабылданаған. Осыған орай күнтізбеде жаңа мереке пайда болды.

Финляндия Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1917).

Ең алғаш Финляндия мемлекетінің тәуелсіздігін Кеңес Үкіметі таныған болатын. Сол кезден бастап, бұл оқиға Финляндия Республикасының ең басты мерекесі ретінде атап өтіледі. Қазақстан Республикасы мен Финляндия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы мамырдың 13-інде орнатылды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

4 4 жыл бұрын (1971) Қазақстанда тұңғыш рет Ғылыми-техникалық ақпарат орталығы Алматы қаласында құрылды.

2 4 жыл бұрын (1991) Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің қаулысымен В.И.Ленин атындағы сарай Республика сарайы болып өзгерді.

1 6 жыл бұрын (1999) Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев Жапонияға ресми сапармен барды. Он бес ғасырдан бері жапон елінің биік тағын мұрагерлікпен иеленіп, дәстүрді үзбей жалғастырып келе жатқан атақты әулет мүшесі - император Акихито Қазақстан басшысымен әңгіме кезінде екі ел арасындағы байланыстардың игі дәстүрге айналуына тілектестік білдірді. Сапардың басты жетістігі - Жапония тарапынан Қазақстан экономикасын жандандыруға несие көздерін анықтап, инвестиция тарту болды

1 2 жыл бұрын (2003) ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда шетел инвесторлар кеңесінің отырысына қатысты. Онда индустриалды-инновациялық бағдарламаны 2015 жылға дейінгі жүзеге асыру және ел экономикасын диверсификациясы қаралды.

1 1 жыл бұрын (2004) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының ауылдық (селолық) округтері, ауылдары (селолары), кенттері әкімдерінің сайлауын өткізу туралы» Жарлыққа қол қойды.

1 1 жыл бұрын (2004) Петропавлда гуманитарлық-техникалық колледжде «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының бастамасымен көп балалы аналардың «Бэби» атты жаңа қоғамдық ұйымының ашылу салтанатты өтті. «Бэби» қоғамдық ұйымы көпбалалы аналар мен олардың балаларына көмек көрсету үшін құрылған. «Бэби» ұйымының төрайымы болып сегіз баланың анасы Светлана Кирякова тағайындалды.

8 жыл бұрын (2007) Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің педагогикалық факультеті ғимаратында Конфуций институтының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.

Институтты ашудағы көзделген мақсат жастарды қытай тілі мен мәдениетіне оқыту және қытай тілі мамандарын даярлау жұмысын кәсіби тұрғыда ұйымдастыру болып табылады.

6 жыл бұрын (2009) Алматыда Өкітай Ахметов пен Жомарт Игіманның «Мұхаметжан Тынышбаев» деп аталатын деректі, публицистикалық кітабының таныстырылымы болып өтті. Мұхамеджан Тынышбаев (1879-1938) - Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, тарихшы-ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш темір жол инженері. Түркістан автономиясы Уақытша үкіметінің төрағасы болған. Алаш қозғалысы қайраткерлерімен бірге қазақ елінің дербестігін қалпына келтіруге, елдің амандығын сақтауға күш салады. Түркістан-Сібір темір жолы құрылысында еңбек етті. Кеңестік биліктің қуғын-сүргініне ұшырап, Түрксібті салып жатқан кезінде тұтқынға алынып, «тап жауы», «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген айыптар тағылады. Кейінгі жылдары да үнемі бақылауда болған ол, ақырында кеңестік саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды. Алматы қаласындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясына, көшеге, Алматы облысы Сарқант ауданының бір ауылына Тынышбаев есімі берілді.

Басылымда М.Тынышбаевтың өмірбаяны, кейбір шығармалары, ұрпақтары мен оның шығармашылығын зерттеушілердің суреттері берілген.

6 жыл бұрын (2009) Оңтүстік Қазақстанда «Арыс-2» теміржол вокзалы ашылды.

5 жыл бұрын (2010) ҚР Қаржы министрлігі кедендік бақылау комитеті мен Ресей федералдық кеден қызметі арасында тауар декларациясының ақпараттық ауысымы таныстырылды.

5 жыл бұрын (2010) Астанада «Күтпеген махаббат» лирикалық комедиясының премьерасы болды. Премьераға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев және басты рөлді сомдаған француз киноактері Жерар Депардье қатысты.

4 жыл бұрын (2011) Қазақстан ғалымдары «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев» атты бестомдық биобиблиографиялық көрсеткішті басып шығарды.

4 жыл бұрын (2011) ҚР Мәдениет миннистрлігі «Мәдени мұра» ақпараттық порталын іске қосты.

4 жыл бұрын (2011) Алматыда ҚР Орталық мемлекеттік мұражайында «Қазақстан шақаларының шежіресі» көрмесі ашылды.

3 жыл бұрын (2012) Қазақстанның танымал мемлекеттік қайраткері, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары - БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің бас директоры Қасым-Жомарт Тоқаев С.Н.Рерих медалімен және «Әлем Туы» естелік белгісімен марапатталды. Марапаттар Женевада Рерихтер мұрасын сақтау бойынша комитеті және Мәскеудегі Рерихтер Халықаралық орталығы делегациясының сапары барысында табысталды.

3 жыл бұрын (2012) Ақордада өткен. Кеңесте ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туризмді дамыту үшін ЕХРО-2017 көрмесін пайдалану бойынша Үкіметке бірқатар тапсырма жүктеді.

Президент Астанадан радиусы 30-50 шақырым жерде эко-қалашықтар салуды тапсырды.

3 жыл бұрын (2012) ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Францияға жұмыс сапарының қорытындысымен Президент телекешені «Парижді көрді және ...жеңді!» деректі фильмін шығарды.

24 7 жыл бұрын (1768) Шотландияда әлемге әйгілі Британдық энциклопедияның («Британика») алғашқы басылымы жарық көрді.

ЕСІМДЕР

13 2 жыл бұрын (1883-1912) қоғам қайраткері, публицист БЕКМЕТОВ Мұхаммед-Мақсұт Хамидоллаұлы дүниеге келді.

Ол Қарқаралы мен Омбыда білім алды. 1900 жылдан бастап Омбы пошта-телеграф кеңсесінің қызметкері болды. Елін азаттыққа шақырған іс-әрекеті үшін 1906 жылы тұтқынға алынып, Қазан қаласына жер аударылды. Осы кезден өмірінің соңына дейін полицияның бақылауында тұрды. Саяси-әлеуметтік, мәдени-танымдық мазмұндағы мақалалар жазып, қазақ және орыс баспасөзіне белсене араласты. Екінші рет тұтқындалып, Орынборға жер аударылды. 1909 жылы Санкт-Петербордан шығатын «Речь» газетінде Семей түрмесінде азап шеккен А.Байтұрсынұлына бостандық берілуін талап еткен мақаласы басылды. Сол жылы Қазан қаласында «Қазақ өлеңдері» атты жинағы жарық көрді.

9 5 жыл бұрын (1920-1945) Кеңес Одағының Батыры ШЕЛЕХОВ Николай Степанович дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында туған.

Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1939 жылы Кеңес армиясы қатарына алынып, 1941 жылғы маусымда майданға аттанған. 1944 жылы кіші лейтенанттар курсын бітірген. Ол Берлин үшін болған шайқаста ерен ерлік көрсетті. Қатарында Шелехов болған рота қала маңында болған ұрыс барысында жаудың 15 шабуылына төтеп берген. Осы соғыс барысында ауыр жараланып, қайтыс болды. Берлин қаласында жерленген. Батырға туған ауылында ескерткіш орнатылған.

Ленин, 1-, 2-ші дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, медальдармен марапатталған.

8 7 жыл бұрын (1928) филология ғылымының докторы НАҚЫСБЕКОВ Оқас дүниеге келді.

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында туған. Түрген педагогикалық училищесін, Қазақ педагогикалық институтын, Қазақстан Ғылым академиясы Тіл білімі институтының аспирантурасын бітірген. 1945 жылы Шелек ауданында бастауыш мектептің мұғалімі болып еңбек жолын бастады. 1951 жылдан Қазақстан Ғылым академиясы Тіл білімі институтының кіші, аға, жетекші, бас ғылыми қызметкері болды. Көптеген диалектологиялық экспедицияларға қатысып, Қазақстанның облыстарын аралады. Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Қарақалпақстан елдеріндегі және Ресейдің Волгоград, Астрахан, Орынбор, Омбы облыстарындағы, Монғолияның Баян Өлгий өлкесіндегі қазақтардың тілін зерттеп, қазақ ауыз әдебиетіне байланысты материал жинады. Сонымен бірге, бірнеше арнаулы сөздіктер құрастыруға қатысып, «Қазақ тілінің диалектологиялық атласы» мен «Түркі тілдерінің диалектологиялық атласын» және «Еуропаның лингвистикалық атласын» жасады.

7 6 жыл бұрын (1939) Қазақстанның халық жазушысы, Әлеуметтік Ғылымдар Академиясының академигі, Қазақстанның Еңбек Ері КЕКІЛБАЕВ Әбіш дүниеге келді. Атырау облысында туған.

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген. Қазақ КСР Мәдениет министрінің орынбасары, Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы, Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитеті бөлімінің меңгерушісі, Қазақ КСР Президенті Аппаратының мәдениет және ұлтаралық қатынастар реферантурасының басшысы, «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. 1994-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 13-шақырылымының төрағасы, Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік кеңесшісі. 1996-2002 жылдары - Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. 2002-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаты, «Асар» партиясы парламенттік фракциясының мүшесі. 2007 -2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты - Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің мүшесі. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 12- және 13-шақырылымының депутаты - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі ұлттық саясат, мәдениет және тілді дамыту комитетінің төрағасы. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі 1-шақырылымының депутаты - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев», «Құрмет белгісі», «Отан» ордендерімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10-жыл» медалімен марапатталған. Абай атындағы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Л.Н.Гумилев атындағы Евразиялық мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

5 5 жыл бұрын (1960) ҚР Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыстар бөлімінің мемлекеттік инспекторы АМАНҒАЛИЕВ Серік Қалешұлы дүниеге келді.

Гурьев облысында туған. А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын бітірген, тарихшы.

1983 жылдан - О.Шонаев атындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі, директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, директоры. 1995 жылдан - Атырау облысы Махамбет аудандық білім бөлімінің меңгерушісі. 2002 жылдан - Атырау қалалық білім бөлімінің бастығы. 2007 жылдан - Атырау облыстық білім департаментінің директоры. 2008 жылғы ақпаннан - Атырау облысы Құрмағнғазы ауданының әкімі. 2008 жылғы желтоқсаннан - Атырау облысы әкімінің орынбасары. Қазіргі қызметінде - 2011 жылғы мамыр айынан бері.

«Құрмет» (2008) орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2002), «Астананың 10 жылдығы» (2008), Ы.Алтынсарыин атындағы медальдармен марапатталған. ҚР Білім беру ісінің үздігі.

4 8 жыл бұрын (1967) Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әншісі ДӘУІРБАЕВА Гүлзат Бейсенқызы дүниеге келді.

Бернд Вайкель атындағы халықаралық әншілер байқауының (2002 жылы) және Астана қаласынды өткен Күләш Байсейітова атындағы әншілердің республикалық конкурсының (2002 жылы) лауреаты. 1985 жылы Алматыдағы Опера және балет театры жанындағы вокальдық хор студиясына оқуға түскен. 1985 - 1993 жылдары осы театрда хор артисі болды. 1993 - 2000 жылдары Құрманғазы атындағы консерваторияның ән факультетін бітірді. 2001 жылдан Алматыдағы Абай атындағы мемлекеттік академиясының опера және балет театрының әншісі.

Вердидің «Реквиемінен» сопрано партиясын, «Тоскасындағы» Тоска, «Богемада» Мими, Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсында Татьяна, «Қарғаның мәткесінде» Лиза, «Иолантада» басты партия, Төлебаевтың «Біржан - Сарасында» Сара, Брусиловскийдің «Ер Тарғынында» Ақжүніс, Ғ.Жұбанованың «Құрманғазы» операсында Әуес, Б.Жұманиязовтың «Махамбетінде» Зылиха партияларын орындап жүр. Гастрольдік сапармен Италия, Венгрия, Ресей қ-ларында өнер көрсетті. Мәскеудің Үлкен театрының шақыруымен «Евгений Онегин» операсындағы Татьяна партиясын орындады (2003 жылы).

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медалімен марапатталған. Ш.Қалдаяқов халықаралық конкурстың, Б.Вайкль атындағы халықаралық әншілер конкурсының, К.Байсейітова атындағы әншілердің республикалық конкурсының лауреаты.

4 6 жыл бұрын (1969) ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі ӨТЕБАЕВА Зере Орынтайқызы дүниеге келді.

Қазақстанда туған. Мәскеу экономика және құқық институтын, Ресей ғылым академиясының әлеуметтік-саяси зерттеулер институтының аспирантурасын бітірген, заңгер.

1999-2001 жылдары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде жетекші маман, бас маман, құқықтық және ұйымдастыру жұмыстары департаментінің бөлім бастығы. 2001-2008 жылдары - ҚР Парламенті Мәжілісіннде комитеттермен жұмыс бөлімінің консультанты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті хатшылығының консультанты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комиеті қызметін қамтамасыз ету бөлімінде заңнама бөлімінің бас консультанты, бас консультант, бөлім меңгерушісінің орынбасары. Қазіргі қызметінде - 2008 жылғы қаңтардан бері.

«Құрмет белгісі» (1991), «Отан» (1999), «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев» (2004) ордендерімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Парламентіне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен марапатталған.

4 5 жыл бұрын (1970) «ҚазМұнайГаз» маркетингі және өңдеу» АҚ бас директоры ТИЕСОВ Данияр Сүйіншілікұлы дүниеге келді.

Целиноград (қазіргі Астана) қаласында туған. Атырау мұнай және газ институты, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

1994-1996 жылдары - «Манас» кіші кәсіпорнының менеджері. 1996-1998 жылдары - «Бата» ЖШС-нің менеджері. В 1998-1999 голды - «Абыз» ЖШС-нің атқарушы директоры, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ААҚ Вице-президентінің бірінші көмекшісі, Директорлар кеңесінің хатшысы. 1999-2002 жылдары - «Қазақойл» Ұлттық мұнай компаниясы» Атырау мұнай өңдеу зауыты Басқару департаментінің сектор меңгерушісі, бас маманы, бас менеджері, бас менеджерінің орынбасары. 2002-2003 жылдары - «ҚазМұнайГаз»ҰК» ЖАҚ Мұнай-химия дамыту департаменті директорының орынбасары. 2003-2004 жылдары - «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС салынып жатқан кәсіпорын Дирекциясының қаржылық директоры, директоры. 2004-2006 жылдары - «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС күрделі құрылыс басқармасының бастығы. 2006-2009 жылдары - «ҚазМұнайГаз» Сауда үйі» АҚ бас директоры орынбасары. 2012-2013 жылдары - «ҚазМұнаГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының мұнай өңдеу және мұнай химиясы бойынша орынбасары. 2013 жылғы тамыздан бастап - қазіргі қызметінде. «ҚазМұнайГаз» қайта өңдеу және маркетинг», «KPI» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің төрағасы және «Ромпетрол» Директорлар кеңесінің мүшесі.

«ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамының Құрмет белгісімен және құрмет грамотасымен марапатталған.

40 жыл бұрын (1975) Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары БАДАШЕВ Алмас Бекетұлы дүниеге келді.

Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын және Батыс Қазақстан агротехникалық университетін бітірген. Мамандығы экономист, инженер.

Еңбек жолын 1996 жылы Орал қаласы әкімі аппаратының тұрғын үй жәрдемақы бөлімінің бас маманы болып бастады. 1997-1998 жылдары түрғын үй және тұрғын үй жәрдемақысы басқармасы. 1998-1999 жылдары БҚО тұрғын үй, сәулет және аумақтық құрылыс басқармасының жетекші маманы. 1999-2000 жылдары БҚО сәулет-құрылыс инспекциясының жетекші маманы. 2000-2005 жылдары БҚО сәулет-құрылыс инспекциясы директорының орынбасары, «Құрылыс-Консалтинг» ҰО» ААҚ БҚО филиалы директорының орынбасары. 2005-2008 жылдары «Ал-строй» ЖШС-нің директоры. 2008 жылы Жайық-Каспий экололгия департаменті бастығының орынбасары - БҚО бойынша экология жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы міндетін атқарушы. 2008-2009 жылдары Жайық-Каспий экололгия департаменті бастығының орынбасары - БҚО бойынша экология жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы. 2009-2010 жылдары БҚО энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары. 2010-2011 жылдары БҚО энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы. 2011-2012 жылдары БҚО энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы. 2012 жылдан осы кезге дейін БҚО энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы. 27.08.2012 ж. - облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

3 2 жыл бұрын (1983) «Бәйтерек ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма мүшесі - басқарушы директоры ТӨЛЕУШИН Қаныш Аманбайұлы дүниеге келді.

2006 жылы Оксфорд Брукс университетін аяқтады, Оксфорд, Ұлыбритания. Магистратура. 2004 жылы Еуразия Ұлттық университетін қаржы және кредит мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 2003 жылы коммерциялық құрылымдарда бастады.

2004-2005 жылдар аралығында - «Темірбанк» АҚ, Бухгалтер-операционист, Есеп айырысу-касса бөлімінің бастығы. 2006 жылы - «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ, Кеңесші. 2006-2007 жылдар аралығында - "Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ, Бас сарапшы. 2007 жылы - ҚР Индустрия және сауда министрлігі, Инновациялық саясат басқармасының бастығы. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы, Мемлекеттік қызметшілердің біліктіліктерін арттыру бойынша семинарларда сабақ берді. 2008-2011 жылдар аралығында - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, кеңесші, сектор меңгерушісі, әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі. 2011 жылы тамыз айында - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі қызметіне тағайындалды.

10 5 жыл бұрын (1910-2000) итальян суретшісі-футурист, аэрокескіндеме негізін салушылардың бірі Туллио КРАЛИ дүниеге келді.

10 2 жыл бұрын (1913-2002) кеңестік хирург-кардиолог, орыс жазушысы, академик АМОСОВ Николай Михайлович дүниеге келді.

Соңғы жаңалықтар