60-тан астам тасымалдаушы білместікпен 119 көлікті тіркегені үшін төлемеуі тиіс алымдарды төлеп келген

АСТАНА. KAZINFORM –  2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР Салық кодексіндегі өзгерістерге сәйкес отандық халықаралық тасымалдаушылар үшін N3 санаттағы механикалық көлік құралдарын (ершікті тартқыштар) бастапқы мемлекеттік тіркегені үшін алымдар жойылған.

Фуры
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Алайда, прокуратураның талдауы көрсеткендей, 60-тан астам тасымалдаушы бұл алымдарды төлеуді жалғастырған, нәтижесінде 119 көлік құралы үшін бюджетке негізсіз шамамен 18 млн теңге түскен.

«Бүгінгі күнде прокуратураның бастамасымен 7 кәсіпкерге 4,9 млн теңге қайтарылды. Салық төлеушілер қаражатты қайтару үшін өз бетінше мемлекеттік кірістер органдарына өтінішпен жүгіну қажет», — деп хабарлады Бас көлік прокуратурасы.

Осыған байланысты, көлік прокуратурасы отандық тасымалдаушыларды артық төленген алымдарды қайтару үшін көлік құралдарын тіркеу орны бойынша салық органдарына жүгінуге шақырады.

Соңғы жаңалықтар