62 келіде елордалық балуанға тең келер қарсылас болмады

АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласының спортшысы Ирина Кузнецова Алматыда өтіп жатқан әйелдер күресінен Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлім етті. 

62 келіде елордалық балуанға тең келер қарсылас болмады
Фото: Астана қаласының әкімдігі

62 келі салмақ дәрежесіндегі финалда жерлесіміз Ирина Кузнецова Алматы облысының өкілі Тыныс Дүбекпен бозкілемде белдесті.

Белдесудің алғашқы кезеңінде Кузнецова белден асыра лақтыру әдісін сәтті орындап, бірден 4 ұпай еншіледі. Кейін тағы бір ұпай алып, есепті 5:0-ге жеткізді.

Екінші кезеңде де астаналық балуан қарқынын бәсеңдеткен жоқ. 5:0 есебі тіркелген сәтте Кузнецова қарсыласын таза жеңіп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.

Осылайша, Ирина Кузнецова әйелдер күресінен Қазақстан кубогының алтын медалін жеңіп алды.

Айта кетейік, Ирина Кузнецова — U23 Азия чемпионы.

Айта кетейік, Қазақстан кубогында грек-рим күресінен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.