65 миллион теңгенің мыс өнімдерін ұрлағандар қолға түсті
«Шілденің 27-інде полиция қызметкерлері Жезқазған стансысында жалпы салмағы 69,5 тонна катодтық мыс тиелген теміржол вагонын анықтады. Қарағанды облыстық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шаралары барысында 48 жастағы жезқазғандық Алматыда ұсталды. Ол корпорациялардың біріне тиесілі, жалпы сомасы 65 миллион теңгені құрайтын мыс өнімдерін ұрлаған топтың басшысы болып шықты», деді ресми өкіл өз сөзінде.
Оның айтуына қарағанда, одан әрі жүргізілген іс-шаралар барысында осы қылмыстық іске қатысы бар жастары 26-ы мен 58 аралығындағы 5 азамат ұсталған. Күдіктілер - аталған кәсіпорының инженерден бастап күзетшіге дейінгі қызметкерлері.
«Аса ірі көлемдегі ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», деді ІІМ ресми өкілі.